«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


«ЕҢБЕК» АТАУЫНЫҢ КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет16/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

«ЕҢБЕК» АТАУЫНЫҢ КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
С.М.Қарымбаева - 
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, 
Тараз қаласы 
Қазақ мақалдарында қолданылатын іс-әрекет атауларының когнитивті-семантикалық 
кұрылымын модельдеуге кіріспес бұрын «іс-әрекет атаулары» түсінігін едәуір толығырақ 
ашайық және оларды меңгерудің негізгі аспектілерін талдайық. 
Кей жағдайларда еңбек әрекеті жалпылама айтылатын атаулар (еңбек, іс, жұмыс) іс-
әрекеттің бірнеше түрін немесе шұғылдану шеңберіне (дене еңбегі, әскери қызмет, егістік 
жұмысы) жалпылама белгіленеді, сондай-ақ еңбек процесінің, өнімі мен нәтижесінің 
конкретті мәнін береді. Іс атауы еңбек әрекетін білдіре отырып, сонымен қатар екі мағынаға 
да ие екендігіне мән берейік, олар: «ойлау мен сөзге қарама-қарсы практикалык іс-әрекет, 
қимыл: істің адамы, сөзбен емес іспен көрсет» Сөзге шешен, іске мешел. Зерттеліп отыраған 
материалдарды, мақал-мәтелдік айтылымдарды талдауда этнографиялық, фольклорлық және 
тарихи зерттеулерге жүгінсек «еңбек» (еңбек әрекеті) концептісінің бір жағынан «демалу» - 


Абай атындагы ҚачҮ11У-дың Хабаршысы. «Филология гылымдары» серияси, МЬ2 (і2).2010ж. 
«қол бостық», «дырду» - «жалқаулық» концептілерімен арадағы қатынасын, ал екінші 
жағынан халқымыздың қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртібі мен дүниетанулық көзқарастары 
арқылы көпярусты жүйе жасалғанын көрсетті. 
Бір жағынан алғанда әр түрлі мәдениеттерде жан-жақты болып табылатын, ал басқа 
жағынан - бірегей, ұлтқа ғана тән, немесе белгілі бір графикалық, тарихи және мәдени 
ерекшеліктермен байланысты болып келетін дәстүрлі түрде айтылатын «еңбек» және 
«жұмыссыздық» - «жалқаулық» концептілерін меңгеруге көңіл бөлдік. «Еңбек» 
концептілерінің негізінде «еңбек әрекеті» ментальды көрінісі жатыр. Зерттеушілер бұл 
концептінің «адам» және «адам әрекеті» суперконцептілерінен шығатынына еш күмән 
келтірмейді./1/ 
Бір атаулы концептінің негізіне жататын «әрекет» түсінігінің теңестірілуінің 
күрделілігі оның шамалық абстракцияға жататындығына байланысты болып отыр. 
Бұл түсінікті меңгеру ежелден келе жатқан тарихы бола тұрып іс-әрекеттің сипаты 
жөніндегі қазірге дейін басылған жоқ. Бұл таластың нәтижесі әрекеттің маңызды сипаттары 
бөлінуі болды. Оған жататындар: іс-әрекеттің заттануы; оның әлеуметтік, қоғамдық-тарихи 
табиғаты; жанамалық сипаты; мақсаткерлікті оны құрайтын қимылдың жүйелілігі; 
өнімділігі; сыртқы (материалдық) және ішкі (психикалық) әрекеттің құрылымның бірлігі; 
ішкі әрекеттің интериозациолау аркылы сыртқы әрекетінен қалыптасуы; ішкі психикалық 
әрекеттің қарулық сипаты; әрекеттің үшмүшелік кұрылымы (операция - қимыл - өзіндік 
әрекеті); әрекеттің процессуалды сипаты және оның уақыттағы өрістеуі; әрекет 
уақытындағы өрістейтін орнын басушылық/сабақтастық, бірлікті және тұтастықты 
қамтамасыз ететін бейнелердің ерекше рөлі. Заттық әрекет бейнелер мен таңбалармен қатар 
әлемді репрезенттеу және модельдеудің толыққанды формасы ретінде қарастырылады./2/ 
Концептуалды ерекшеліктерге сәйкес іс, еңбек, жұмыс атаулары және белгілі бір 
деңгейде жұмыссыздық айрықша процессуальды семантикаға ие, ал демалу, жалқаулық 
және кей жағдайларда жұмыссыздық атаулары семантикасына активті әрекеттің ішкі 
қарама-қарсы әрекеті, күйі, белгілі бір белгілердің кешені сияқты психикалық әрекеттің 
ерекше түрі күрделі семантикалық комплекспен сипатталады. 
Біз реттеп отырған іс, жұмыс, еңбек атауларының жасалуының негізінде 
транспозиция процестері жатыр. Бұл атаулар етістіктің «гибридті (буданды, дүбара)» 
табиғаты мен субстанционалды бастауларын ажыратады. 
Отандық лингвистикада деривационды (туынды) процестердің ерекшеліктері, 
біршама девербативтердің, етістіктен жасалған атаулардың семантикалык жэне синтаксистік 
ерекшеліктері, сондай-ақ номинализациялық көзқарас бойынша да толығымен айтылған./2/ 
Орыс ғалымы В.П.Казаков «іс-әрекет атаулары» терминін колданады. Астарында 
«атаулық сипаттағы зат есімнің гибридті класы ғана емес, семантикалық, морфологиялық 
белгілері мен синтаксистік қасиеттердің әрекеттестігін анықтаған біртұтас жасалым» деген 
мән бар. Бұл процессуальды семантикасы бар атау класы етістіктен және басқа да 
атаулардан да жасалады. 
Қазақ мақалдарында қолданылатын генерализді еңбек әрекетінің жалпы мазмұны бар 
өлшеулі атаулар тобын қарастырамыз: іс, еңбек, жұмыс. Аталған атауларды біз «іс-әрекет 
атаулары» деп атаймыз./3/ 
«Еңбек» атауының негізінде жатқан инвариантты идеяны немесе инвариантты біз 
«күшпен (ыждаһатпен) қиылысқан жай-күй мен қимыл-әрекет» ретінде қалыптастырамыз. 
В.И.Даль «еңбекті» «дене және сана күшінің тартылысы», «ал, күшті (ыждаһатты) талпыныс 
пен қамқорлықтың бәрі» деп түсіндіреді. 
Бұл инварианттың мақалдық айтылымдарда дамуы бірнеше бағыттар бойынша 
жүреді. Біз провербиальды мағыналардың екі басты қалыптасу бағытын ажыратамыз./4/ 
Бірінші бағыт маңызды немесе мақсатты әрекет мазмұнды кешенмен байланысты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет