1.
Негізгі түстер: сары, көк, қызыл; басқа түстер осы арқылы жасалады;
2.
бірінші дәрежедегі құрамдас түстер - жасыл, қызыл, сары
(оранжевый), сиякөк, булар негізгі екі түстің араласуы арқылы жасалады.
3.
Екінші дәрежедегі құрамдас түстер - бірінші дәрежедегі түстердің
араласуынан пайда болған
түстер.
Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің аныққанығын
ашып берді деп есептеуге болады. Олар 98 тілдегі түр-түс атауларын зерттеп, жинақтаған
материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms - black (қара), white (ақ),
red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink
(қьпгылт сары), orange (қызьиісары), gray (суры).
Яғни қайсыбір тілде бар болған үш қана түс атауы болатын болса, онда олар - ақ,
қара, қызыл. Орыс тілші ғалымдарының көпшілігі осы жіктемені мойындайды және орыс
тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар - ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде
екі баламасы бар деп есептейді: blue - көк (синий) және көгілдір (голубой). Б. Берлин мен П.
Кейдің жіктемесі негізінде ғалымдар барлық тілдердегі дерлік түр-түс атаулары
63
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г.
төмендегідей иерархияда орналасады деп есептейді: black, white}- >{red}- >{green, yellow}-
> {blue} - > { brown } —♦ > {gray, orange, pink, purple}.
Бірақ орыс ғалымы P. Фрумкина жоғары аталған жіктемеде түр-түс атауларының 11
болып көрсетілуі шартты түрде деп есептейді, солай бола тұрса да өзінің негізгі түр-түс
жіктемесін ұсынбайды. Р. Фрумкинаның пікірінше, негізгі түр-түс атауларының олардың
реңктеріне (мысалы, көк-көкшіл) қарсы қойылуы мәдени-тарихи және психологиялық факт
болып табылады, олар психофизиологиялық тұрғыдан қарағанда өзара теңбе-тең. Яғни
психофизиологиялық жақтан түс пен оның реңктеріне бөлу мүмкін емес, бұлайша бөлу
әлемнің қарапайым бейнесіне тән. Түр-түс атауларының негізгі, маңыздыларын, яғни
ұлттық-мәдени ерекшеліктерді белгілей алатындарды ажыратып көрсетуде түр-түс
атауының негізгі түбір болатындығы да айтылады. Бұл пікір бойынша, сұр - негізгі түс;
сұрғылт - негізгі түс емес, түстің реңкі. Осыған байланысты орыс тілінде 800-дей атау бар
деп айтылады [1].
Қазақ ғылымында түр-түстің толық сипаттамасы жасалған алғашқы еңбек - «Сырға
толы түр мен түс» деп аталады [2]. Түс атауларына қатысты тұңғыш еңбек деп санауымызға
көптеген негіздер бар, олардың бастылары мыналар:
-
түстердің зерттелу тарихынан толық мәлімет алуға болады, яғни жұмыста түр-түс
тану ғылымының бұдан 150 жылдай бұрын басталғанын, бұны Ньютон, Ломоносов, Вернер,
Риджвей, Саккардо, Рихтер және т.б ғалымдардың қарастырғаны туралы дерек берілген;
-
түстердің негізгі физиологиялық қасиеттері талданған; авторлар «өмірде кездесетін
заттардың түр-түсі ахроматты және хроматты болып екіге бөлінеді. Ақ пен қара түстердің
барлық реңдері ахроматты болады, ал сары, жасыл, көк, қызыл, күлгін және басқа түстердің
түрлі реңктері хроматты түр-түске жатады. Ахроматты термин қазақша «түссіз» деген
ұғымды білдіреді» деп жазады [2, 18 б.].
-
түр-түс атауларының ұлттық ерекшеліктері талданады;
-
әрбір халықтың тіліндегі түр-түс атауларының саны туралы дерек беріледі.
Авторлар Р. Фрумкинаның айтқанын негізге ала отырып, орыс тілінде тек бір сөзбен
берілетін түр-түс атауларының жалпы саны 150-ден аспайтындығын, осылардың 80-90
пайызы тілдік табиғаты айқын, заттық негізі белгілі атаулар екендігін жазады [I, 49 б.];
-
ал қазақ тілінде түбір сөздерден тұратын түс атауларымен қатар, туынды түбір,
біріккен сөз түрінде, сөз тіркестері түрінде берілетін атаулар саны өте мол; бұны авторлар
дәл көрсеткен;
-
түр-түс атауларының жасалу жолдары, олардың қатысуы арқылы жасалған
фразеологизмдер талданады.
Жоғарыда атап өткен, «Сырға толы түр мен түс» атты еңбекте қазақ тіліндегі түр-түс
атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ
олар толық емес.
Осындай еңбектердің негізінде біз де әрбір халықтың тіліндегі түр-түс атаулары
маңызды категория деп танимыз. Олардың аудару үдерісінде қалай жеткізілетіні де маңызды
болып табылады. Өйткені түр-түс атаулары әр халықтың символикасын, ұлттық ерекшелігін,
қоршаған ортаны қалай қабылдап, қалай бейнелейтіндігін көрсететін тілдік бірліктер тобы
болып саналады. Осы тұрғыдан келсек, тіл-тілдердегі түр-түс атаулары бір жағынан
идиоэтникалық айырмашылықтары бар, екінші жағынан универсалды болып саналатын
концептілер деп бағалаймыз. Мысал келтірелік. Қазақ тіліндегі «сары» деген түс атауына
байланысты мынадай пікірлер бар:
-
бұл біріншіден, концепт, оның ішінде қазақ ұлтының дүниетанымын танытатын
концепт;
-
бұл сөзде геосимволика бар; өйткені «сары» сөзі негіз болған жер-су атаулары
(Сарыжал, Сарыбел, Сарысу, Сарышаған, Сарыарқа) қазақ ұлтының географиялық
объектілерді көзбен қалай қабылдағанын білдіреді [3, 112 б.].
-
сары дала, сары жайлау, сары бел деген тіркестер «ұлан-ғайыр кең дала» дегенді
білдіреді;
-
жалпы, «сары» деген сөздің өзінің семантикасында «биік қырат, кең даланың
жоталы жоны» деген мағына бар [4, 87 б.].
Мұндай қорытындылар жасауға ғалымдар сөздің семантикасы. Ол арқылы жасалатын
тіркестердің мағынасына талдау арқылы қол жеткізіп тұр. Өйткені осы лексеманың
номинациясы мен семантикасына метафоралық және метонимиялық атауларға келетін
болсақ, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» толық дерек бере алады: сөздікте негізгі
мағынадан басқа 50 ауыспалы мағына көрсетілген [5].
Бірнеше тілдердің материалдарын салыстыратын болсақ, А. Залевскаяның талдауы
64
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж.
бойынша төмендегілерді атап көрсетеміз: сары түс - неміс халқында жек көрушілік,
қызғаныш, жалғандық, сатқындық, америкалықтарда - қорқақтық, қауіп төнетіндей
Достарыңызбен бөлісу: |