«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Үшіншіден, Қытай тіліндегі жаңа сөздердің тағы бір бөлігі, кейбір ұзын



Pdf көрінісі
бет71/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Үшіншіден, Қытай тіліндегі жаңа сөздердің тағы бір бөлігі, кейбір ұзын 
сөздердің ықшамдалып, қысқартуыннан пайда болған. Мысалы: (кедейлерді 
сүйемелдеу) сөзі әсілі Қытай үкіметінің түрлі тәсілдерді қолдана отырып, мешеу дамыған 
кедей өңірлерді сүйемелдеп, олардың тез арада кедейліктен құтылуы үшін жүргізген деген 
саяси ұғымын білдіретін атаудың қысқаруынан келіп шықкан. Тағы сол сияқты терминде, 
өндірісте және қызмет барысында ерекше ерлік көрсетіп, үкіметтің назарына ілінген еңбек 
озаттары мен қаһармандарын сыйпаттайтын (қаһарман және озат жекелер) сөзінің 
қысқаруының туындысы. Жалпы халыққа ғылым, білімнің ең жаңа жетістіктерін жеткізу, 
жалпыластыру мақсатында қолданған (ғылыми танымдардың жалпыласуы) деген атаудың 
ықшамдалған көрінісі. Қазіргі осындай жолмен жасалған сөздер қытай тілінде күн санап 
көбеюде. 
Төртіншіден, шет тілдеріндегі атаулардың дыбыстық аудармасы негізінде 
жасалған. Қытай тілі жалпы алғанда, өзінің тілдік тазалығын нық сақтаған тіл. Бұлай 
болуындағы басты себеп, ең алдымен тілдің граматикалық ерекшелігі болса, енді бір 
жағынан, қытай ұлтының басқа тілдердегі дыбыстарды оңай ажыратып, дұрыс дыбыстай 
алмауынан. Және де кез-келген жаңа құбылыстарға бірден ат қойып, айдар тағатын өз тілін 
барынша таза сақтауға ұмтылатын ұлттық психологияны қосыңыз. Мұндай жағдай шет 
тіліндегі атаулардың молынан енуіне кедергі болған. дегенмен, ғылым мен техниканың 
ұшқан құстай дамыған бүгінгі кезеңінде, шет тілдерінен келген жаңа сөздер қытай тілінде де 
бой көрсете бастады. Мәселен, 70- жылдарда алғаш Жапонияда пайда болып, кейіннен 
әлемге кеңінен таралған « Саrаоке» техникасы, Қытай тіліне болып қосылды.Сондай -ақ, 
Американың танымал сусыны « Сосо-СоІа» Қытай тілінде дыбыстық аударма бойынша 


62
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
«(Кекои кеіе)» болып бейнеленді. (Bisabing)» - арқылы Италиянның аты шулы тағамынын 
бір түрін (pizza) көрсетті. Шет тілдерден келген мұндай сөздер мұнымен шектелмейді. Айта 
берсек тағыда көптеп мысалдар келтіруге болады «-Wei ta ming» (Витамин), « A si pi lin» 
(Аспирин) , « Di si ke» (Диско) т.б. 
Резюме 
В статье рассматриваются некоторые вопросы словообразования в китайском языке. 
Summary 
In this article some problems of word forming in Chinese language are considered by the 
author. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет