78 Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. «Тауы да алтын Алтайдың,
Тасы да алтын»
-
деген өңірге келгенде Сәбеңнің көлдей көңілі арнасынан тасып, жаны рахат сезімге
бөленеді.
Шыңжаңға келгенге дейін қара көз қазақтарды іштей іздеумен болған Сәбит
Мұқановтың көңілі сабасына түсіп, әр кімнің көкейіндегі, қазақтар қытайға қай кезде барған,
деген сұраққа жауапты тарихтың тереңнен тартады. Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда
қазақтардың алды Қытай өлкесіне Абылай заманында өткен сияқты. Содан бері әр кезде
ауысқан қазақтың, Сәбең барған кездегі саны жарты милиондай екен.
Ұйғыр автономиялы ауданына «Шыңжаңға» қарайтын қазақтар әкімшілік жағынан
үшке бөлініп қоныстанғанын айтады. Алтай: орталығы Сары Сүмбі қаласы, рулық жағынан
басым көпшілігі керейлер; Тарбағатай,- орталығы Шәуешек, рулық жағынан көпшілігі
наймандар: Іле- орталығы Құлжа, рулық жағынан басым көпшілігі үйсіндер.
Шыңжаңда халқының көптігі жағынан үшінші орында монғолдар тұратынын да
көпшілік оқырман Сәбит Мұқанов саяхатынан соң хабардар болғанға ұқсайды.
Сәбит Мұқанов Шыңжандағы күндерінде бүгінгі күні аты бізге таныс әдебиет пен
мәдениетке бір кісідей қатысы бар Әсет Найманбаев, Танжарық Жолдыұлы, Бұхара
Тышқанбаев т.б. көзі ашық, көкірегі ояу бауырларын назардан тыс қалдырмаған.
Айта кететін бір жай Сәбең қытайдағы қазақтар туралы онша шешіліп («Алыптардың
адымында») жаза бермеген. Жазған болса баспада лито қысқартқан. Қазақ әдебиетінің
классигі Сәбит Мұқановтың осы сапары Шыңжаңдағы бауырларды да тек қуанышқа кенеліп
қоймай, қанаттандырғанға ұқсайды. Оның нақты дәлелі Мұқанов шығармаларының
насихаты күні бүгінге дейін толастамауында. Яғни, Ресей - Қытайдай екі алып мемлекеттің
50-60 жылдардағы қоян- қолтық араласып, жан- жақты қарым- қатынаста болуы, ондағы аз
ұлттардың бірі болып отырған қазақ бауырларға да дем бергендей.
Жақсының жүрген жерінде із қаладының нақты дәлелі де осы - Сәбең сапары.
Қазақтың ғана емес, кеңес одағындай алпауыт елдің санаулы жазушыларының бірі болып
Сәбит Мұқановтың келуі, бауырлардың да мерейін үстем, қанатына қанат байлап кеткен
екен.
Арғы беттен келген жасамысы бар, жасы бар классик жазушының шығармаларын
кезінде ата- әжелері, одан ата-аналары, хат тани бастағанда өздері оқығанын, мазмұнын
тамылжыта айтып дәлелдесе, өлеңдерін жатқа айтып тамсандырады бүгін.
Осы сапарында Сәбит Мұқанов Шоқан Уәлихановты бір сәтте есінен шығармағанға
ұқсайды. Оның себебі де жоқ емес, Сәбең бұл кезде Шоқан Уәлиханов жөнінде көркем
шығарма жазуға дайындалып жүрген болатын. Сондықтанда Шоқанның ізімен жүрген
сәттерінде тарихи- этнографиялық қазынасын молайтып жүрді. Тіпті Шоқанның
Қашқарияда 10 ай 14 күн тұрғанын да ең алғаш айтқан Сәбит Мұқанов болатын.
«Шоқан Қашқарияда 10 ай 14 күн тұрған шағында бұл елдің тарихы, экономикасы,
саяси халі, әдет- ғұрпы, салт- санасы туралы қисапсыз көп материал жинап, сапарынан
қайтқан соң бұл тақырыпта көптеген енбек жазған адам», деп алады да, аталған
проблемаларды тарата баяндайды. Әсіресе ұйғыр халқының тарихы мен мәдениетіне, саяси
жай- күйіне бей- жай қарамай, идеологиялық тіріліктің өзегіне қан жүгірте баяндаған.
Шоканның саяхатына барлау жасаған. Қазақтың алғаш ағартушы- демократының Қытайдағы
әрбір күніне мән берген.
Әсіресе, ұйғырлардың тарихын тереңнен тартып, Шоқанмен алма- кезек пікір алысып
отырғандай сөз етеді. «... Ұйғырлар біздің жыл санауымызға дейінгі 250 жылдан IX ғасырға
дейін буддизмге бағынып келсе, мұсылмандыққа VIII ғасырдан кіре бастаған. Қытай
тарихшыларының айтуынша, ұйғырлар арабтармен қатты соғысып, күшінен асқан соң-ақ бас
иген. Мауреннаһардағы (Аму мен Сыр арасы С.М.) арабтың бас әкімі Шаһмар (Шамар) осы
соғыста өлген. IX ғасырда арабтың мұсылман діни үгітшілері, Хасан Басри, Әбунасыр
Самани келіп, ұйғырларды ислам дініне қаратқан» деп тереңнен тартып, Шоқанның
тарихшылдығынан хабар береді.
Сәбит Мұқанов талай оқиғаларды баяндай келіп, Шоқанның гуманистік ойын көрсете
кетуді де ұмытпайды. Өйткені ұйғырлардың азаттыққа ұмтылған қадамдары ылғи
сәтсіздікке ұшырай бергенін білген Шоқан «бұлардың қолы толық бостандыққа еш уақытта
жеткен ел емес. Сондай құлдық пен тәуелділіктің салдары мінезіне де әсер етіп, олардың
кескінінен ылғи көңілсіздік пен үмітсіздіктің ізі көрініп тұрады» деу арқылы өз халқының да
жай-күйінен емеурін танытып қояды. Сөйтіп Шоқанның гумантистік көзқарасынан хабар
береді.
«Ғылым атаулының түп қазығы - тіл» дегеніне азды-көпті назар аударған уақытта