«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет90/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

81
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
деп таптық. Осының өзінде біз ақынның поэзиялық шығармаларын тұтас алмай тек 
лирикасына тоқталуды мақұл көрдік»,- Зерттеуші өзі айтып отырғандай, бұл еңбегінде А.С. 
Пушкиннің лирикалық шығармаларының таңдаулыларын ғана іріктеп алып, жан-жақты 
сараптайды. Оның үстіне, бір өлеңнің әр жылдардағы бірнеше аудармасын жіті қарастырып, 
өзара салыстыру, алдыңғы аудармаға қарағанда соңғысында түпнұсқаның қандай дәрежеде 
игерілгенін анықтау - айтуға ғана оңай шаруа. «Инемен құдық қазғандай» көздің майын 
тауыса, тер төккен ғалым шын мәніндегі мағыналы, әрі бағалы еңбек жазғанын мойындау 
ләзім. 
Орыстың басқа ақындарына емес, Пушкинге неге тоқталды? Оның бірнеше себептері 
бар. Солардың ішінде бастысы - Пушкиннің қазақ топырағына жақындығы. С.Сейітовтің өзі 
мына мәселелерді атап етеді: біріншіден, Пушкиннің қазақ жерінде болуы, қазақ халқының 
тұрмыс - тіршілігімен танысуы, оның мәдениетіне ыстық ықылас білдіруі болса, екінші - 
1823-24 жылдары Одессада айдауда жүрген кезінде әйгілі шығыстанушы А. Левшинмен 
достасып, қазақ елінің тұрмыс қалпы, әдет-ғұрпы жайында ұғым-түсінігін тереңдетіп, алған 
әсерін молайта түседі. 1933 жылы Пушкин атышулы Пугачев қозғалысы болған жерлерді өз 
көзімен көру, болашақ кітабына материалдар жинау мақсатымен Орынбор өлкесіне, одан 
Батыс Қазақстанға, Орал қаласына келеді. Сол жылдың 21-23 сентябрінде Оралда болып, 
Жайық жағасындағы қаланы аралайды. Осы сапарында А.С. Пушкин «Қозы Көрпеш - Баян 
сұлу» жырын естіп, қатты қызыққан. Жолсеріктеріне жырдың желісін жаздырып алған. 
Сонымен қатар, ұлы орыс ақының мәдениетіміз бен әдебиетіміздің шыңы Абайдың өзі де 
аударып, ұлтымыздың рухани баюына зор ықпал еткені мәлім. Ғалым: «Пушкин 
поэзиясының ана тілімізге аударылуы әдебиетіміздің қорын байытып қана қойған жоқ
сонымен бірге ақындарымыз үшін үлкен шеберлік мектебіне айналды. Оның лирикалары 
мен поэмаларын аудару поэзиямыздың тынысын кеңейтті, көркемдік дүниесін байытты, өз 
топырағымызда бұрын-соңды кездесіп көрмеген жаңа суреттеу құралдарын табуымызға 
көмектесті»,- дейді. 
Пушкин мұрасын игеру, халқымыздың рухани игілігіне айналдыру - ғалымның басты 
мақсаты болды. Зерттеу еңбегі мынандай тараулардан тұрады: «Сөйлейді Пушкин қазақша», 
«Әңгіме ахуалы - аударма ахуалы», «Түпнұсқа: тең түсу ме, кем түсу ме?», «Тармақтар 
таразыға тартылғанда», «Салалап сөз сарасын салыстырсақ», «Талдаудан туындайды 
тұжырымдар». Керіп отырғанымыздай, монография салмақты мәселелерге жауап іздейді. 
Зерттеуші кіріспеде Пушкинге неге тоқталғанын дәлелді фактілермен атап көрсетсе, енді 
оның аудармаларына, көркемдік саласына нақты мысалдармен сын тұрғысынан талдаулар 
жасайды. 
А.С.Пушкиннің шығармаларының қазақ тіліне ғана емес, басқа да туысқан халықтар 
тілінде аударылғанын санамалай емес, салыстыра сипаттайды. Мысалы, украин тіліне 
«Құзғынға құзғын кездесті» («Ворон к ворону летит»), өлеңі 1830 жылы, «Полтава» поэмасы 
1836 жылы ақынның тірі кезінде аударылғаны, ал «Евгений Онегин» романының бірінші 
тарауын П.А. Грабовский 1831 жылы Иркутск түрмесінде отырған кезінде аударғанын 
айтады. «Пайғамбар», «Бұлбұл», «Бұлт» өлеңдері армян тілінде 1843 жылы жарық көрсе, 
грузиннің әйгілі ақыны Илья Чавчавадзе «Пайғамбарды» 1857 жылы аударғанын атап 
көрсетеді. Азербайжанда Пушкиннің шығармалары алғаш 1880-81 жылдардан бастап 
аударыла бастайды. Татарстан жұртшылығы 1899 жылы «Бақшасарай фонтаны», 1901 жылы 
«Балықшы мен балық туралы ертегі» тәржімаланады. Ал қазақ әдебиеті тарихында 
Пушкинді аудару ұлы Абайдан (1887-1889) басталады. Ол дүниежүзілік әдебиеттің асыл 
ескерткіші «Евгений Онегинді» қазақша сөйлетті. Осы шығармалардың аударылуы туысқан 
халықтар әдебиетінің ортақ рухани байланысын таныта отырып, әлемдік әдебиеттің көшіне 
бет бұрғандығын байқатады. Қазақ әдебиетінде аударма саласы ұлы Абайдан бастау 
алатыны сөзсіз. Осы еңбекте де С.Сейітов Абай аудармасының көркемдік сипаты мен нәрлі 
сөз айшықтарының оқырманды баурап алатын сиқырлы әсерін терең, әрі дәйекті дәлелдейді. 
Автор Абай аудармаларының тағлым аларлық өнегесі мен еркін аудармада да поэзия 
қасиетін берік сақтағанын көрсетеді. Абай оқымаған, сауаты кенде қауымның ыңғайына 
бейімделмей, әсіресе, жастарды өресі биік, өрісі кең, мәдениетті поэзия үлгісіне қарай 
жетелейді. Зерттеуші Абайдың оқымаған өрендерді тәрбиелеп,ойын өсіріп, әлемдік 
әдебиеттің ірі туындыларын түсіну дәрежесіне жеткізудегі мақсатын танытуға тырысады. 
Абайдан кейін Б.Өтетілеуовтің «Жиған-терген» жинағында А.С.Пушкиннің «Көктемнің 
келуі», «Жүрсем де қай ортада, қайсы жақта» деген екі өлеңі аударылды. Мұнда ол 
Өтетілеуовтің түпнұсқадан пәлендей ауытқымай, ақындық ойды сол күйінде жеткізуге 
тырысқандығын айта келе, Абайдан кейінгі Пушкин шығармаларын аударған 
қаламгерлердің шығармаларын салыстыра сипаттайды. Мысалы, 1915 жылы «Айқап» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет