1. Сәбит Мұқанов. Алыптар адымы,- Алматы, 1959. 2. Сәбит Мұқанов. Жарқын жұлдыздар. -Алматы, 1964. Резюме
В статье рассказывается о поездке выдающегося писателя Сабита Муканова в Китай.
Summary
This article tells us about an outstanding Sabit Mukhanov’s trip to China.
А.С.ПУШКИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ - С.СЕЙІТОВ ЕҢБЕГІНДЕ Ж.С.Әділханова - ҚазҰУ-ң аға оқытушысы. 60-90 жылдардағы әдебиетімізде аударма мәселесімен саналы түрде айналысқан
зерттеушілердің көшбасында С. Сейітовтың есімі тұр. Оның қаламынан туған зерттеу
еңбектерінің дені аударма мәселесімен тікелей байланысты. Ғалым, әсіресе, А.С.Пушкин,
В.В.Маяковский шығармаларының қазақ тіліне аударылу мәселесін жан-жақты талдап,
таразыға тартып, әдеби- көркемдік тұрғыдан баға береді. Қазақ әдебиеті үшін А.С. Пушкин
поэзиясының орны ерекше екені сөзсіз. Абай бастап аударған ұлы орыс ақынының
шығармалары аса рухани жақындықпен қабылданып, төл тілімізге сіңісіп кеткені ақиқат.
Бірақ аударма деңгейі, көркемдік санасы қандай дегенде, М. Әуезовтың, Қ.Жұмалиевтің,
С.Сейітовтың, С.Қирабаевтың зерттеулерінде бірқатар озық ойлы пікірлерді кезіктіреміз.
С. Сейітовтің «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» атты зерттеу еңбегінің
көтерер жүгі ауқымды, ғылыми маңызы жоғары. Бұл еңбек 1985 жылы «Ғылым» баспасынан
жарық көрді. Көлемі 163 бет. Мұнда А.С. Пушкиннің лирикалық шығармаларын ана
тілімізге аударудың бір ғасырдай уақыт ішінде қалыптасқан, дамыған дәстүрлері ғылыми
тұрғыдан қарастырылады, көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері сөз болады.
Ғалым әдебиеттердің өзара байланысының, оның ішінде шығармалардың біріне-бірінің
аударылуы арқылы әдебиеттің баюы, дамуы туралы терең талдаулар жасайды. Аударманың
теориялық, практикалық мәселелерін жан - жақты сараптайды. Сол кезеңдегі Кеңес
жазушыларының Бүкілодақтық екінші съезінде (1954ж.) Халықтар әдебиетінің көркем
аудармасы жөнінде арнаулы қосымша баяндама жасалып, оның кеңінен талқылануы
еліміздегі ұлттардың ынтымағын арттыру, олардың арасындағы рухани алмасуға молынан
мүмкіндік жасау бағытында көркем аудармаға айрықша мән берілетінін айтқан болатын.
Реалистік бағыттағы әдебиеттің көрнекті өкілдері, аударма ісінің беделді теориктері П.
Г.Антокольскийдің, М.О. Әуезовтің, М.Ф.Рыльскийдің осы жиында айтылған тың
тұжырымдары мен пайымдаулары көркем аударманың толғағы жеткен аса маңызды
мәселелерінің бірі болды. Советтік аударма мектебінің теоретиялық, практикалық
проблемалары жөнінде арнаулы зерттеулері мен мақалалар онда аса құнды пікір айтқан
жазушылар мен ғалымдар К. Чуковский, М. Рыльский, А. Федоров, И. Кашкин, М.Әуезов,
А.Кундзич, Г. Гачечиладзе т.б. болды.
С. Сейітов өз кезеңінде бұл тұрғыда ауқымды еңбектер жазған алғашқы
ғалымдарымыздың бірі болды. Аталған еңбегінде де осы ғылыми таяздықты, аударма
саласындағы сынның кемшін тұсын толықтыру үшін жазғандығын байқаймыз. Ғалым ол
туралы былай дейді: « Бүкіл дүниежүзінде әдебиеттің дамуына зор ықпал жасаған орыс
классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов тәрізді данышпан ақындардың
негізгі шығармалары ана тілімізге аударылғалы және бірнеше рет қайта басылымдары
жарық көргелі қашан. Кезінде мерзімді баспасөздерде сиректеу болса да жарияланатын
азын-аулақ рецензияларды атамасақ, бізде әлгі ақындардың поэзиялық дүниелерінің
қазақшаға қалай аударылғанын жүйелі түрде қарастыратын,ғылыми тұрғыдан толық
талдайтын еңбек әзірше көрінбей келеді. Біз мұны толғағы жеткен түбегейлі мәселелердің
бірі деп білеміз. Сондықтан да әлемдік әдебиет алыптарының бірі А.С.Пушкин мұрасын
қазақ ақындарының әр кезде қалай игергені, жұртшылық кәдесіне жаратуға қандай күш
жұмсағаны, жеткен межелері, ала алмаған асулары туралы ауқымды әңгіме қозғауды қажет