79 Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. шын мәніндегі ғалым академик С.Е.Маловтың «Жамбылдың тілі» деген диссертация жазған
М.И.Ритман-Фетисовтің қорғауына қарсы болғанда «бір ұлттың жазушысының тілі туралы
еңбек жазу үшін сол ұлттың тілін жақсы білу керек» деген табиғи талаптың әлі күнге дейін
орындалмай келе жатқаны ойландыруы тиіс.
Осы тұрғыдан келгенде, С.Мұқанов, Шоқан «қай халықтың тұрмысын зерттесе де,
ғылымның қай тарауын сөз қылса да ең алдымен сол зерттеген обьектісіне байланысты тілді
түсінуге, білуге тырысқан. Бұл жайда оның жетістіктері де аз болмаған» деп ең алдымен
алғаш оқуға келгенде орысшадан бір ауыз сөз білмей келіп, азғана уақытта жанындағы
шәкірттерді ғана емес, бастықтарды, оқытушыларды таң қалдырғаны, тіпті кадет
корпусында оқымаған француз, неміс, латынды біліп алғанын дәлелге келтіре отырып,
«барған өлкесінің жергілікті тілін білуге Шоқанның қатты тырысқандығын біз оның 1856
жылы Құлжаға барғанда жазған күнделіктерінен білеміз» деген ойын Иакинф Бичураннің
ғылыми ізденістерімен, жалпы Қытай тілі мен тарихына ұластырып жіберіп, Шоқанның шын
ғалым екенін көзге көрсеткендей болады. «Шоқан - қазақтан шыққан бірінші синолог» деп
қорытынды жасаған.
Қашқарияда болған уақытта ұйғыр тілін үйренгені, сондай-ақ, «Шоқанның қолына
архон жазуы түспегенмен, Қашқарияда тұрған күндерінде монғолдың жазуы мен тілін
үйренгені, «Тарихи-Рашиди» аталатын, дүние жүзіне әйгілі шығарманы» оқығанын жіпке
тізіп көрсетеді.
Шоқан еңбектеріне, әсіресе ғылыми ізденістерін әңгімелеген уақытта ұлы ғалымның
ой-пікірін келтіре отырып, өз білігін жарыстыра отыруы арқылы тарихи шындыққа көз
жеткізеді. Мәселен «Тарихи- Рашидиді» әңгімелеген уақытта оның авторы Мұхаммед-
Хайдар Күрекапның Қашқар ханы Абдул- Рашидке уәзір болғанын, оны европалықтар
білмейтіндігін тілге тиек етеді де, атақты «Тарихи- Рашидидің» түрікше аудармасы бар.
Петербург университетінің кітапханасында персиялық қолжазбасы бар. Өкінішін қоса
айтқанда, академиялық данасы толық емес, ол университетте сақталған жазбасында кеткен
қателіктен аяқ алып жүруге болмайды.
«Тарихи-Рашиди» екі жүйеге бөлінеді: бірінші бөлімінде Тұғылық - Темірден (ұлы
Монғолия империясын алғаш құрған, 1362 жылы өлген адам - С.М.) бастап, Рашидке (1554
жыл) дейінгі Қашқар хандарының тарихы сипатталады; екінші бөлім естеліктер (мемуар)
түрінде жазылған. Хайдардың өзі атақты Дулат (Дулат руы - С.М.) тұқымынан шыкқан.
Оның Ұлысбек аталған ата-тегі Моғол ұлысында сондай роль ойнаған», -дегенді әрі тарихқа,
әрі шежіреге жатқызуға болатындықтан «Тәзкирян Хожақан» (Қожалар тарихын) талдауы
дәлелдейді. Сондай тарихи еңбектерді зерттей отырып «Шоқан Қашқарияның европалық
мағынадағы бірінші тарихын жасайды» деген пікіріне еріксіз қол қоясыз.
«Оның шұқшия зерттеген бір саласы - Қытай тарихы». Ол барлық жағдайларды еске
ала келіп,
1)
Қытайдың мемлекет боп тіршілік жасауы үшін бастаушы идеясы болу керек; 2) ішкі
дүниесі, яғни ой- санасы берік халық еш уақытта жауына жеңдірмейді; 3) халықта мәдениет
болу керек» деген тұжырымның шындығын Қытай халық республикасы бүгін дәлелдеп,
әлемге ықпал жасайтын күшке айналып отыр.
Шоқан осындай сүбелі ойларды Орта Азияның жайсыз тұрмыс-тіршіліктеріне
байланыстырып, «Орта Азияны қайткенде қараңғыдан жарыққа шығару керек деген сауалға
Шоқан тура жауап бермей, мәселені орағытып барып шешкісі келді» деп Шоқанның
солқылдақ позициясын да аңғартып қояды. Осы тарихи мәселелерді әңгімелеген уақытта
Шоқанның ғалымдық және адами позициясы «барлық саясаттық және ғылымдық
еңбектерінде өзін жұрт алдына орыс саясатының, орыс ғылымының өкілі ғып тартады да
отырады. Туған халқы қазақ туралы айтқан пікірлерінде де ол орыс саясатының, орыс
ғылымының өкілі болып отырудан танбайды» деген ойын жасырмайды. Ол диалектикалық
заңдылыктардан туатын жай. Оны біздің өміріміздің қай кезі болсада нақты құбылыстармен
дәлелдейді.
Бұл айтылғандардың барлығы Сәбит Мұқанов қытай сапарынан оралған соң Шокан
ізімен жүрген сәттердегі ойына ой, іліміне ілім косқан құтты зерттеудің жемісі. Ең бастысы,
Қытай сапарынан соң Сәбит Мұқанов «Алыптардың адымын» жазды. «Алыптардың
адымын» оқып отырғанда өзіңізде Сәбит Мұқановпен қытай елін аралап жүргендей
болатыныңыз бір болса, екінші, қытай халқының өсіп- өркендеуінен бастап тарихымен терең
танысып, эстетикалық- этнографиялық танымыңыз байи түседі.
Сәбит Мұқанов Қытай елін екі ай аралағаннан кейін 21 июль күні Құлжа қаласы
Қорғасқа (орысша «Харгос», қытайша «Чимпанзе») келіп қонған. Шекара қақпасында
тұрып, Бай Хуа Цифаң! деп қоштасып 496 беттік күнделікпен оралуы тек Сәбит
80 Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. Мұқановтың ғана емес, бүкіл қазақ ұлтының баға жетпес мұрасы.