Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет118/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Амритлал Нагар 17 тамызда 1916 жылы Агра қаласында үндіс отбасын­да дүниеге келді. Балалық шағы мен жасөспірім кезі Лакхнау қаласында өтті. Әжесінің түрлі ертегілері, әкесінің әңгімелері және Лакхнаудағы жалпы әсем атмосфера Амритлалды жастайынан әдебиетке қызығушылығын тудырды. Бір жағдай оның қолына қалам алуына түрткі болды. 1928 ж. Үндістанда ұлт-азатық көтеріліс болды. Алаңға көп адамдар шығып – «Ағылшын­дық­тар аулақ болсын елімізден!» деген ұранымен Джавахарлал Нерудің бастауымен шықты. Осы кезде 12 жасар Амритлал да алаңда митингшілермен болды. Полиция таяқтарымен келді, біраз у-шу болды, кейін бәрі тарап кетті. Осы кезде жас Амритлал ары ойланып, ері ойланып алаңда біраз ойланып жүрді да, кенеттен ойна өлең жолдары келе бастады. Осы­лай­ша, ақынның алғашқы өлеңі дүниеге келді. Амритлалдың білімі орта мектеппен ғана шектеліп қалды. Ары қарай білімін жалғастыруға жағдай болмады. Үйінде үлкені болған­дықтан әкесіне күн көріске ақша табуға қолқабыс болуына тура келді. Бірақ 30 жылдары газеттер мен журналдарда жас бозбала ақын өзінің өлеңдері мен әңгімелерін Таслим Лакхнави (лакхнауилық), Мегхарадж, Индра әр түрлі лақап аттармен өзінің алғашқы өлеңде­рін жариялады. Амритлалдың ақын ретінде дамуына Премчанд әсер етті. 1935 жылы «Гүл бағы» атты жас жазушының 16 әңгімеден тұратын жинағы жарияланды. Премчандтың «ма­ған сіздің «Гүл бағыңыздың» гүлдерінің иісі ұнады, бірақ мен сіздің шынайылыққа жақын әңгімелеріңізді оқығым келеді», - дегені жазушының ары қарайғы шығармашылығы мен өмірін өзгертті. Амритлал Бонкимчондро Чоттопаддхая, Шоротчондро Чоттопаддхая, Тагор және Нираланың есімдерін ерекше ілтипатпен атайды. Прогрессивті Нароттам әдебиетші­сімен бірге Амритлал Нагар 1937 жылдан бастап әдеби-сатиралық «Чааллас» журналын шығара бастайды. Кйін оның жинақтары шығады – «Руиндер» мен «Наваба мекені».
Көптеген үнділік ақындар секілді Амритлал Нагар да қаржы жағынан қинала бастайды, сондықтан үнді Голливуд Бомбей қаласына жол тартады. Ол жерде Амритлал киноларға сценарийлер жазумен, фильмдерді дубляждаумен айналысады. Алайда сол кезде дүркіреп тұрған кино индутриясы ақынның шабытын ашпай, толықтай дерлік көңілі толмай жүреді. Ұзақ уақыт созбай Премчанд секілді Амритлал да киноиндустрияда өз талантымен жетілікті қаражат таба алмай кетіп қалады. Оған қарамастан Үндістанның оңтүстігінде ол уақытын зая кетірмеді – маратхи және тамиль тлдерін оқиды, олардың әдебиетімен айналысады, бұл тілдерден хинди тіліне аудармалар жасайды, көп жерлерге саяхат жасай отырып болашақ кітаптарына қажетті информациялар мен ақпараттар жинайды. Бомбейде «Найя сахитья» журналын шығаратын жас прогрессивті әдебиетшілер тобымен етене жақын таныс болады. Осы топпен белсенді байланыс орнатады. Амритлалдың көңіл көтеретін киноларға арналған кино мамандарының өмірмен байланыстыратын сыни мақалалары ерекше табысты болды.
1947 жылы Үндістан тәуелсіздігін алды. Амритлал Лакхнауға қайта оралады. Кейін оның Бенгалиядағы Екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен туындаған жаман ашаршылық туралы «Ашаршылық» деген романы жарияла­нады. 1953 жылы жазушыны Лахнауи­дағы жалпы үнділік радио спектакльдерді қоюшы режисер ретінде жұмысқа шақырады. Алайда бұл жұмыс та жазушыны ұзақ уақытқа қызықтыра алмайды. 1956 жылы «Тамшы мен мұхит» деген романы жарияланады. Көптеген сыншылардың пікірлерінде бұл роман жазу­шы­ның ең жақсы туындысы есептеледі.
Амритлал шығармашылығында оның аударма­лары бір төбе. Нагар хинди тіліне марат­хи, тамиль, гуджарати тілінде жазатын бірнеше үнділік жазушы­лардың шығармаларын және Чехов пен Мопассанның кейбір шығармаларын аударды. Жазушының кредосы үнділік жазушы, ол үнділіктердің ерекшелігін, ұлттың психологиясын жән олардың шынайы өмірін, армандарын, қайғылары мен қуаныштарын жалпы халықтың үнін шебер жеткізе алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет