Пауло Коэльо (порт. Paulo Coelho) - атақты Бразилия жазушысы. Ол 1947 жылы 24 тамызда Рио-де-Жанейрода дүниеге келген. Оның көптеген әнгімелер жинағы жарыққа шыққан. Ол Ресейде ұзақ уақыт бестселлер шығармалардың алғашқы ондығында тұрған «Алхимик» басылымынан кейін әлемге танылады. Бұл шығарманың барлық тілдердегі жалпы тиражы 60 миллионға дейін жетеді. Коэльо үлкен атақ-даңқ пен асқан құрметке ие болып, толық қорлануды да басынан кешіреді.
Ол Рио-де-Жанейродағы инженер Педро мен Лижии Коэльоның үлгілі отбасында дүниеге келген. Жеті жасында Әулие Игнатии Лойолдағы иезуит мектебіне жіберіледі. Осы мектепте жүргенде оның кітап жазуға деген қызығушылығы пайда болады. Пауло Коэльоның жазушы болу арманы орындалмай, отбасының қалауы бойынша Рио-де-Жанейро университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Бірақ көп ұзамай оқуды тастап, журналистикамен айналысады. Оның отбасы мүшелерімен арасындағы жанжал күн санап өрши түсіп, ақырында 17 жасар Пауло психиаторлық клиникадан бірақ шығады. Электрошокпен емдеу оның өз-өзіне деген сеніміне ықпал ете алмайды. Кейін ол клиникадан қашып шығып, біраз уақыт жалғыздықта басынан кешіріп, кезбе атанады.
1970 жылы Мексика, Перу, Боливия, Чили, Еуропа мен солтүстік Африкаға саяхат жасайды. Екі жылдан соң Коэльо Бразилияға қайта оралады, әндерге өлең жаза бастайды, бразилиялық атақты орындаушы Рауль Сейшастың орындуында оның әндері ел арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Өзінің берген сұхбаттарында жазушы сол уақытта ағылшын мистигі Алистер Кроулидің еңбектерімен танысқанын айтады. Ол Коэльоның шығармашылығы айтарлықтай әсер етеді. Ол тек музыка саласында емес, сонымен қатар Минас–Жирайс штатында анархистердің «Альтернативті қоғамын» жасау жоспарына да ықпал етеді. Ол Кроулидің «Ойыңа келгенді жаса - заң осындай» деген сөздеріне негізделеді. 1964 жылғы төңкерістің нәтижесінде билікке келген бразилия әскерлері бұл жобаны құптамай, топтың барлық мүшелерін қамауға алады. Коэльо мен Сейшасты түрмеде қинағаны да белгілі. Бірақ Коэльоның өткен өмірі оның бостандыққа шығуына себеп болып, оны есінен адасқан деп түрмеден босатады.
«Валькирияда» көрсетілген құбылыстан соң Коэльо елінен кетіп, кейінірек Голландияда оның өмірін өзгертіп, христиан дініне өмірін арнауға себеп болған тұлғамен танысады. Ол RAM деп аталатын католик тобына мүше болады. 1986 жылы ол ежелгі испан қажыларына тиесілі Сантьяго жолымен жүріп өтеді. Жазушы бұл туралы өзінің «Сиқыршы күнделігі» атты еңбегінде жазады.
Пауло Коэльоның кітабы әлемнің 15 елінде 67 тілге аударылған. Ол көптеген елдердің түрлі әдеби сыйлықтарына ие болады. Мысал ретінде Францияда алған «ha hegion d’Honneur» мен Италияда алған «Grinrane CaYour» атты сыйлығын келтіруге болады. Оның «Алхимик» новелласы Борхестің «екі қиялшылдары» негізінде жазылған. Негізгі сюжеті Аарне Тоипсон Утердің фольклорлық сюжеттерінің классификациясы бойынша 1645 жылы жарыққа шыққан «Үйдің байлығы» атты еңбектен алынған. Басты кейіпкер – Андалусияда тұратын бақташы Сантьяго. Бір күні ол түс көреді. Бұл түс бақтышыны Египет пирамидаларына барып алтын қазынаны іздеуге итермелейді. Сыған қызы оның түсін жорып беріп, табылған қазынаның оннан бір бөлігін беруді сұрайды. Жолда ол қария Мельхидесекті, Салиман патшаны кездестіреді. Салиман патша оған жолдағы қиыншылықтарды жеңуге көмек болатын екі тасты (Урим және Туммим) сыйға тартады. Сантьяго қойларын сатып, Египетке жолға шығады. Көптеген шытырман оқиғаларға тап болып, ақырында Алхимикті кездестіреді. Алхимик оны өзін-өзі тануға және әлемді терең түсінуге үйретеді. Кейін Фатимаға ғашық болып, қазынаны тауып, тағдырдың сынақтарынан да өтеді. 2002 жылы Португалиядағы «Журнал ди Летраш» атты журналда португал тілінің даму тарихында жазылған кітаптардың ішінде ең көп таралған еңбек ретінде Пауло Коэльоның осы шығармасын көрсетеді. Бұл шығарма тіпті Гиннесс рекордтар кітабына да енеді. Шығарма әлемнің 41 тіліне аударылып, жалпы тиражы 11 миллион данаға дейін жетеді. Коэльоның табынушысы Лоуренс Фишборн осы шығарманың негізінде фильм түсіреді. Оның 2005 жылы жарық көрген «Заир» новелласы Иранда жарыққа шыққан кейін 1000 көшірмесі тәркіленеді.
Оның осындай жетістіктеріне қарамастан көптеген Бразилия сыншылары оны қарапайым жазушы деп есептейді. Кейбіреулер оның еңбектерін «коммерциялық» рынокқа бағытталған деп айтады. Оның Бразилия әдебиетшілерінің академиясына қабылдануын көптеген бразилиялықтар құптамайды. Белгілі орыс тележүргізушісі және сценарист Авдотья Смирнова ол туралы былай деген: “Әдебиетті сүйіп оқитын оқырманның жиіркенішін туындыратын Коэльо еңбектерінің басты ерекшелігі онда не бір әзіл, не бір күлкі, не бір өтірік жоқ. Соған қарамастан осы байсалдылық Коэльоны осындай атақты жазушы етті.”
Пауло Коэльоның еңбектеріне «Қажылық» немесе «Сиқыршы күнделігі» (1987), «Алхимик» (1988), «Брида» (1990), «Валькирии» (1992), «Мактуб» (1994), «Рио-Пьедра жағажайына отырдым да жыладым» (1994), «Бесінші тау» (1996) сияқты шығармаларын жатқызуға болады. Латынамерикалық жазушылар тарих пен мифтің, эпикалық дәстүр мен авангардтық ізденістердің, реалисттердің психологизмі мен испандық барокконың түрлі баяндау тәсілдерін шебер үйлестіре отырып, үлкен жетістіктерге жетті.