Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет55/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Италия әдебиеті. Қайта өрлеу дәуірінің алғы шарттары ХІІІ ғ. Еуропаның көптеген елде­рін­де пайда болады. Бұл құбылыс, әсіресе феодал­дарға қарсы күрес айқын көрін­ген және қоғамдық мәдени өмірдің негізінде халық тұрған Италияның дамыған қалаларында кең тарайды.
Италияның дербес қалаларында ХІІІ ғ. соңынан бастап алғаш­қы капита­лис­тік қаты­настар пай­да болып, Еуропада Кемелденген орта ғасырда дамыған мәдениеттен тым өзгеше мәдинет қалыптаса бастайды. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет пен орта ғасырдан Жаңа заман мәдениетіне өтудің ең жарқын көрінісі ретінде Дантенің шығарма­шы­лығымен қатар падуандық гуманизм, Петрарканың шығар­ма­­лары мен «Жағымды жаңа стиль» лирикасын да қарастыруға болады. «Жағымды жаңа стиль» («стильновизм») - ХІІІ ғ. Болоньеде пайда болып, Флоренцияда тір­кел­ген поэтикалық мектеп. «Жағым­ды жаңа стиль» поэзиясы­ның жаңа заман поэзиясына жақын­дата түсетін негізгі ерекшелігі оның бір поэтикалық мектепке жататын түрлі шығарма­шы­лықты қамтуында жатыр. «Жаңа стиль» поэзия­сындағы тың өзгеріс поэтика мен көркем стиль болған. Бұл мектепке жататын ақындар поэтикалық тілді жарыққа шығарған.
Жаңа поэтика тек поэзиядағы бұрынғы формаларға жаңа өңдеу­лер жасау арқылы емес, соны­мен қатар «Жағымды жаңа стиль» ақындарын трубадурлар­дың куртуаздық лирика­сы­мен емес, италиялық Қайта өрлеудің алғашқы кезеңін­дегі жазушылардың ізденістеріне жа­қын­да­та түсетін белгілі бір идеялық-эстетикалық және дүниетанымыдық бірліктің негізінде пайда бола­ды. «Жағымды жаңа стиль» ақындарының поэтикасы мен поэзиясына эзотеризм тән. Бұл олардың жергі­лікті қарапайым халықтық сөйлеу тілінен жоғары көтерілуге деген ұм­тылысынан туындаса керек. Осылайша «Жағымды жаңа стильдегі» аристократизм Қайта өрлеу дәуіріндегі ақын­дардың ұлттық әдеби тіл үшін күрестері нәтижесінде пайда болады. «Жағымды жаңа стиль» мекте­бінің басында Гвидо Гвиницелли (1230-1274) тұрған. Ита­лияның әдеби тарихында Г. Гвиницелли шығармашылығы - жаңа заманға жақын келетін ал­ғаш­қы ұлы ақындардың бірі. Оның өмірі жайлы мәліметтер көп емес. Ол Болоньеде дүниеге келіп, сол жердегі университетте білім алып, әкесі сияқты заңгер болады. Гвиницелли оған жау болған саяси партия оны өзінің туған қаласынан қуып жібергеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ жастайынан қайтыс болады. Оның шығармашылығы кейінгі заманға өшпес мұра болды. Ол ақындар жырлап жүрген махаббат тақырыбына жаңа әр беріп, жоғарғы, рухани жалпы адамның тұтас сезімдерін суреттеді.
Жаңа поэзия үшін күрес Гвиницеллиден бастау алып, про­ванстық трубадурлардың ұмыт болған мұрасын қайта жаңғырту ұранымен ақынның флоренциялық ізбасарлары мен олардың шәкірт­­тері, сицилиялық мектептің сарай ақындары арқылы жалға­сын тапты. Сонымен қатар Гвини­целли мен басқа да «Жағымды жаңа стиль» ақындары бюргерлік дидактиға тән діни-спиритуа­­листік тенденциялармен күресе отырып, ХІІІ-ХІY ғ. Италияның қала­лық және халық мәдениетінің ажырамас бөлшегіне айналған антикалық әдебиеттің ескерткіштерін де ескеріп отырған. Гвиницелли­­дің куртуаздық лирика­ның шекарасынан шығып, өзінің жеке поэтикалық тілі мен стилін құруына классикалық ежелгі дәстүрлерге деген жаңа көзқарасы себеп болады.
«Жаңа стильдің» «жағымдылығы» оның әуенінде емес, ондағы ішкі үйлесімділік пен ой мен форманың, мазмұн мен поэтикалық тілдің, тіл мен стильдің бір-біріне деген поэтикалық сәйкес­тігінде жатыр. Гвиницеллидің канцоналары дидактикалық тұрғыда жазыл­маған, онда ешнәрсе дәлелденбейді және насихаттанбайды. Оның шығармаларында идея поэтикалық тұжырым­дамаға айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет