Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет54/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Еуропадағы ортағасырлық эпостардың көркемдік ерекшеліктері.

  2. Куртуаздық әдебиет анықтамасы және оның жанрлары.

  3. Прованстық лириканың ерекше сипаттары.

  4. Неміс куртуаздық лирикасындағы миннезанг пен мейстерзанг жөнінде.

Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірі

Бүкіл әлемдік әдебиет тарихындағы келесі кезең ХІІІ ғ. аяғы мен ХYІ ғ. дейінгі ара­лықты қамтиды. Осы кезеңде Еуропаның бір қатар елдерінде феодалдық құрылыс ыдырап, капита­листік қоғам­ның алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Феодалдық қоғамның ыды­рауы мен шіркеу­дің рухани диктатурасының құлдырауына қарамастан, әлі де буржуазиялық идеология қалыптаса қоймаған еді. Осындай қоғамдық төңкерістер жүріп жатқан кезде мәде­ниет пен әдебиеттің дамуы­на қолайлы жағдайлар туады. Мәдениет тарихындағы ең жемісті кезең Қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тари­хындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі болған. Адамзат мәде­ние­тінің тарихында ерекше орын алған бұл дәуірдегі түрлі географиялық ашылулар мен эконо­ми­калық өзгерістер Жаңа әлемге қадам басудың алғы шарты еді. Қайта өрлеу дәуірінде «адам мен әлем» төңірегінде көптеген жаңалықтар болады. Рухтың дүмпуі, мәдениеттің адамдық сипа­ты осы дәуірде айрықша гүлденіп, адамзат пісіп-жетілген мәдениет жемістерін өз игілігі үшін толық қолдана бастайды. Гегель Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың «алтын таңы», жер бетін­дегі мәдениетінің жаңа дәуірі деп атаған. Осы дәуірде шіркеу диктатурасы мен түрлі феодалдық идеоло­гия­лық жүйелердің құл­ды­рауы мәдениеттің жаңа сатыға көтері­луіне жол ашады. Осындай төңкерістер адамдардың феодалдық қоғам мен түрлі діни идеология­лардан бас тартып, адам дамуының үйлесімділігі мен оның интел­лек­туалды, рухани және материал­дық сұраныстарының негізінде туындайды. Бұл дәуір әлем мәде­ние­тінде ортағасырлық дәуірден жаңа заманға көшу кезеңі болады.


Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірі өндіріс күшінің бұрын-соңды болмаған жетістікке же­туі­не байланысты жүрген. Ол өз кезегінде жаратылыстану мен нақты ғылымдардың даму­ына айтар­­лықтай әсер етіп, Батыстың көптеген елдерінде өндірістік күштер, ғылым мен техни­ка­ның осы күнге дейін байқалмаған жетістікке қол жеткі­зуіне негіз болады.
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетте сол кезеңде өмір сүрген көптеген адам­дарға тән ерлік істер, алып қуат пен феодалдық сипат­­тардың және жауыздық­тың үйлесімділігі көрсетілген. Жырт­­қыштық пен жауыздықтың көрінісі Мексиканы жаулап алушы Эрнон Кортестің, санда­ған отаршылдар мен буржуа­зия­лық орта өкілдерінің, патшалар мен мырзалардың, тіпті папа­лар­дың бейне­ле­рінде де байқалды. Данте, Босх, Дюрер мен Микеланджело сияқты Қайта өрлеу дәуірі­нің көрнекті өкілдері осындай адамдардың төрешісі іспетті болған.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері, әсіресе ағылшындық Кристофер Марло мен Шекс­пир сол кезеңдегі индивидуализмнің қалай жауыздыққа айналғанын көрсететін аты аңызға айналған тари­хи кейіпкерлерді дүниеге әкелді. Мысалы, Марлоның Жаулап алушы Темірлан мен өсімқор Варвва және Шекспирдің Иоаннадан бастап ІІІ Ричардқа дейінгі тарихта болған шынайы патша­лар мен Эдмунд, Яго, Шейлок сияқты қарапайым кейіпкерлердің бейнесі­нен сол дәуірде орын алған қатыгездік пен жауыздықты көруге болады.
Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениеттің негізгі ерекшеліктері шынайылық, гуманистік дүниета­ным, көне мәдени мұраларға ден қою мен оны қайта «жаңғырту» болған. Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік қағидалар, феодал­дық қатынастар мен орта­ға­сырлық дәстүрлер тар­лық ете бастап, қорша­ған орта мен табиғатты басқаша көретін болады, оны пайымдап баға­лауы, эстети­ка­лық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгереді.
Қайта өркендеу заманы жаңа гуманизмді қалыптастырады: адамның ерікті және бақыт­ты болуға, теңдік, әділдік және пара­сатқа ұмтылуына құқығы бар екенін алға тартады. Кайта өркен­деу мәдениеті батыстық адамның уақыт пен кеңістікті игеру тәсілі кызметін атқарған. Ұлы географиялық жаңалыктар осы адамның әлем туралы түсінігін кеңейтіп, техникалық жетістіктер тіршілік тербе­лісін тездетеді.
Данте, Джотто, Петрарка, тіпті Боккаччодан бастап еуропалық гуманистер өздері өмір сүрген кезді ортағасырлық дәуірмен салыстырғанда адамзаттың даму тарихындағы жаңа кезең деп қа­был­дай отырып, оны мақтан тұтқан және бұл дәуірді антикалық кезеңмен салыс­тырған.
Батыс Еуропадағы Қайта өрлеу кәсіптердің табыстары, ману­фак­­ту­раның пайда болуы, ішкі және халықаралық сауда мен қалалардың экономикалық тұрғыда даумының негізінде пайда бол­ды десек болады. Қайта өрлеу дәуірін­дегі әдебиеттің нағыз ұлы туындыларының ғажайып әсем­дігі мен көркемдігі келесі ғасыр­лар­да да асқан таланттар мен біртума дарын­дардың шығарма­шы­­лы­ғына арқау болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет