Зигфрид Ленц (1926) Фашизмнің күйреуіне аз қалғанда вермахқа шақырылады. Фашистер жаулап алған Данияда шамамен бір жылдай қызмет етеді. 1945 жылы әскерден босатылады. Ленц соғыстан кейін Гамбург университетінің филология факультетінде оқып жүріп репортер болып қызмет атқарады.
Ленцтің «Неміс тілі сабағы» (1968) атты еңбегі батыс Германияның әдеби өміріндегі үлкен оқиға болады. «Неміс тілі сабағы» атты романда айыпты болған жас қылмыскердің бірнеше ай бойы өжеттілікпен, бар ынта-жігерімен жазған «Өз борышын ақтаудың бақыты» деген тақырыптағы шығармасы туралы айтылады. Зерек, өткір көзді Зигги олардың арасындағы таласқа қатысып, суретшіні жақтайды. Ол әрқашан суретшіге көмектесіп, суреттерді әкесінен тығып, оттан аман алып қалады. Бастапқы кезде біреуге көмек ету мақсатында жасалған ұрлықтар оның бойында ұрлыққа деген құмарлықты тудырады. Осының салдарынан Зигги қиын балалар тәрбиеленетін колонияға түседі. Бұл жерде педагогтар оған қатігездік танытып, оны өздеріне бағынышты етіп, сыпыртқы тоқуды үйретеді. Романда оқиға автордың атынан емес, Зиггидің атынан баяндалады. Зиггидің әкесі - ауылдағы жалғыз және тұрақты билік өкілі. Ауыл тұрғындарының барлығы бір-бірімен ұқсас. Олар балық аулайды немесе шымтезек өндіреді, мерекелер тойлап, жиі ас береді. Кезінде әлемдік атаққа ие болған Суретші Макс Людвиг Нансен (оның түптұлғасы атақты неміс суретшісі Эмиль Нольде) - өзі туып-өскен ауылдың суреткері, бір сөзбен айтқанда сол жердің мәртебесі. Үкімет суретшіге сурет салуға тиым салған. Бірақ бұл оған өлім жазасын алумен бірдей болады.
Ленцтің романындағы ең күрделі мәселе ауыл полициясының «басты қылмыскер» болып шығуында жатыр. Оның адамгершілік қасиеттері өте тереңде жатқандай. Жазушының «Шынайы мысал» (1973) романы да ел ішінде кең таралғанымен, көркемдік жағынан аса сәтті шықпады. Романның мазмұны мектеп хрестоматиясын құрастырушы үш адамның кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге үлгі болатын «шынайы мысал» табу үшін Гамбургтегі кездесуімен байланысты.
Кейінгі романдарында «Өлке мұражайы» (1987), «Оқу алаңы» (1985), «Дыбысты келтіру» (1990) Зигфрид Ленц оқырмандарды өткенге саяхат жасауға шақырады. Романда ертедегі халық шығармашылығының тамаша үлгілері болсын, тот басқан әскери сауыт-сайман болсын, өткен уақытта орын алған тарихи оқиғалар туралы баяндалады. Олардың барлығы оқырманды Мазур өлкесінде тату-тәтті өмір сүрген халықтардың бір-бірімен жауласып, түрлі ұлт өкілдерінің арасында қырғын соғыс басталған кезеге алып келеді.
Зигфрид Ленцтің шығармаларында жаңа заман әрқашан өткенмен ажырамастай байланысқа түседі. Ол аға буынның басқа да неміс жазушылары секілді жастық шағында басынан өткерген қиыншылықтардың жаңа біріккен Германияда ешқашан қайталанбауын қалады.