Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет16/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87
Қоғамдық сана құрылымы
Сана құрамында дербес сана (индивидуалды) және қоғамдық 
сананы бөлуге болады. Дербес сана – жеке нақты адамның, тұлғаның 
санасы. Қоғамдық сана - әлеуметтік-тарихи процестің рухани 
(идеалдық) жағы, яғни қоғамдық болмыстың бейнесі. Егер 
индивидуалды сана индивидтердің ой-пікірлерін, сезімдерін, 
көзқарастарын қамтыса, қоғамдық сана қоғамдық пікірлер, идеялар, 
теориялар, әлеуметтік сезімдер мен көңіл күйлерден және т.б. тұрады, 
жеке адамдар санасын да қосады.
Бірақ қоғамдық сана дербес саналардың жай суммасы
механикалық жиынтығы емес. Ол сапалы өзгеше жаңа, тұтас, әртүрлі 
деңгейлер мен формалардан тұратын белгілі құрылымы бар дамып 
жетілетін рухани құбылыс. Қоғамдық және дербес сананың арасында 
тығыз байланыс, өзара әрекет және белгілі бір жағдайларда өзара 
ауысу бар. Бұлардың арақатынасының диалектикасы – жалпылық пен 
жекешенің диалектикасының көрінісі және білінісі. Қоғамдық сана 
мен дербес сана әлеуметтік шындықтың дамуына сәйкес өзгереді, 
дамиды, әр уақытта нақты – тарихи сипатта болады.
Қарапайым сана адамдардың тіршілік әрекетінің сыртқы 
(«тұрмыстық») жағының тікелей бейнесі ретінде күнделікті практика 
процесінде стихиялы пайда болады және ақиқатты іздеуге 
бағытталмаған.
Қоғамдық психология – адамдардың өзінің қоғамдық болмысына 
эмоционалды (қызу, жалынды) қатынасы, ол да күнделікті өмірде 
стихиялы түрде қалыптасады. Қоғамдық психология берілген 
әлеуметтік топтағы, елдегі, нақты қоғамдағы жүйеленбеген 
сезімдерді, елестерді, көңіл күйлерді, психикалық ерекшеліктерді т.б. 
қамтиды.
Қоғамдық идеология – ойлаудың формаларында (түсініктер, 
пікірлер, теориялар, тұжырымдамалар және т.с.с.) берілген қоғамдық 
болмыстың концептуалды-теориялық бейнеленуі. Ол адамдардың 
әлеуметтік шындыққа қатынасын білдіретін және бағалайтын саяси, 
құқықтық, құлықтылық, эстетикалық, діни және философиялық 
көзқарастардың жүйесі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет