Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет17/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   87
Қоғамдық сананың деңгейлері
Қарапайым сана
Қоғамдық психология
Қоғамдық идеология
32


Кейде қоғамдық сананың формаларының қатарына философия 
мен ғылымды да қосып жатады. Бір жағынан бұл көзқараспен шартты 
түрде келісуге болады. Ал «екінші жағынан» философия мен 
ғылымның пәндері және объектілерін, қоғамдағы рөлі және 
функцияларын, басқа да ерекшеліктерін ескеретін болсақ, онда олар 
«таза» қоғамдық саналардай емес екендігін көреміз (күрделі, кең 
ауқымды).
Соңғы жылдары әртүрлі әдебиетте экономикалық, экологиялық, 
тарихи т.б. саналар туралы да айтылып жүр.
ДИАЛЕКТИКА (ДАМУ)
Қозғалыстың, өзгерістің ерекше түрі – бұл даму. Даму – 
материяның жалпы қасиеті және аса басты белгісі: материалдық және 
идеалдық объектілердің өзгерісін білдіреді, бұл жай (механикалық) 
өзгеріс емес, нәтижесінде ұйымдастырылудың жоғарырақ сатысына 
көшетін өздігінен даму ретіндегі өзгеріс.
Дамудың мәнін және оның әртүрлі проблемаларын зерттейтін 
ілім диалектика (гр. dialektikē) деп аталады. Осы сөзді алғаш рет 
философияға Сократ енгізді. Ол ақиқатқа жету үшін сұхбаттасу өнерін 
– dialektikē techne – жасау керек деп есептеді. Бұл тәсілді Платон 
қолдап әрі қарай дамытты. Сөйтіп, бұл өнер өзінің бастамасын сонау 
ертедегі Грекиядан алып, күні бүгінге дейін жоғары бағаланады. 
Диалектика даму туралы ең толық, жан-жақты және терең мазмұнды 
ілім, теория болуымен қатар барлық ғылымдар үшін, практикалық 
қызмет үшін сол теорияға негізделген бірден-бір философиялық әдіс, 
зерттеу әдіснамасы да қызметін атқарады.
«Даму» және «қозғалыс» түсініктері синонимдер емес, олар 
тепе-тең емес. Қозғалыс – дамудың негізі, ал даму – қозғалыстың 
жоғарғы формасы, ол жаңа нәтижеге, жаңа сапаға әкелуі керек. Егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет