Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол батыс филосософиясы мен католиктік тиологияға үлкен ықпалын тигізді. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі шіркеудің Әулиесі . ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты, сондықтан оны римдік –католиктік те проваславтық шіркеуі де мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған.Осы еңбегінде ол ұзақ күндер мен тер төккен еңбегінің арқасында өзінің өмірлік жолын тек қана Христиан дінінде тапқандығын ерекше көңіл аударып жұртшылыққа жария етеді, өмірінің мәні – христиан дінінде екендігін және басқаларды оғанқосылуды сұрайды.
Августин 354 жылыдың 13 қарашасында Тагасте кәзіргі Алжирдегі Сук - Арас деген қаласында дүниеге келді. Ол жанұясында үш баланын біреуі болған .Оның әкесі ауылдық муниципалитеттің чиновнигі болған , ал шешесі туа біткен христиан дінінің өкілі болғанымен күеуі Августинді ритор қылуға ешқашан қарсылық білдірмеген бірақ ол баласын ең бірінші кезекте баласын христиан дінінің өкілі ретінде көргісі келді. Өзінің тәрбиесі мен қалыптасқан көзқарастарымен саяси жетілуі шешесінің арқасы. Ол өзінің «Исповедь» деген шығармасында шешесінің нағыз христиан бейнесіне жие оралып суреттейді. Августин 370 жылы мектепті бітірген соң әкесі тілегендей Кафтаген қаласына риторикалық білім алуға барады.Ол антикалық философия мен Цицеронның«Гортензия» еңбегімен танысып Августиннің ақыл – есі дүниетанымы өзгереді. Ол өзінің өмірлік жолын басқа кітаптар мен әдебиеттерден іздейді сонымен қатар ол Библияны оқиды бірақ ол кітапты түсінбейді , жас бала осы уақытта бұндай күрделі шығармаға дайын емес болады.
Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады.Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл – мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше, философия тек нағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-«Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра»,- деп сөзін аяқтады.Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдын құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді.
397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан Шіркеудің беделді мүшесіне айналады. Осы кездері Августин өзінің ең бір тамаша барлығы керемет деп санайтын «Шындық» деген кітабы өмірге келеді. Ол өзінің кітабында өзінің христиан дінің қабылдағанша қалай өмір сүргенің, өмірде біраз адасқанын тек христиан діні оны өмірдің дұрыс керкмет жақтарын ашқандығы туралы бар шындығын әлемге жариялайды.
Адамзаттын дамуын Августин үш сатыдан бөледі.
1. Бірінші жамандықтын пайда болуына дейін.
2. Адамзаттын даму тарихынан бастап соңғы сот күніне дейінгі кезен.
3. Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына жамандар тозаққа мәнгі қиналуға түскенге дейінгі кезең.
Соған қарағанда құдайдын жасаған әлемі адамзат тарихында ең бірінші және соңғы әлем болады.
Адамзаттын даму тарихын да үш кезеңге бөлді.
1. Адамның пайда болуы мен жер бетінен жоғалып кетуі.
2. Христостын келуі.
3. Соңғы сот күні.
Адамзаттын барлық өмір сүрген және дамыған кезенінде жер бетінде екі түрлі адамдар өмір сүреді. Періштелер де бұзылып, жолынан адасқан періштелер және Құдайдын соңында өмір бойы жүретіндер болып екіге бөлінеді. Адам туылғанда періште болып туылады ол өзінің арам ойы мен зұлымдығынын арқасында бұзылып , бүлінеді. Сол барлық жаман әрекеттері мен жасаған зұлымдығы үшін ол өмі бойы қиналумен өткізіп, тозаққа түседі.
Адамнын дамуын Августин еврей халқынын библиясына сүйенсе де , көтеген тарихи оқиғаларды шығыс халықтары мен рим халықтарынан алды. Рим қаласы Августиннің пікірінше христиандыққа қарсылық білдіретін қала деп санады. 410 жылы Рим империясын Алариханын нұсқауымен құлағанда ол «Құдайдын қаласы туралы» жаза бастады. Онын пікірінше бұл оқиға римдіктердің христиан дініне қарсылық білдіргені үшін тартқан жазасы болды.
Бiршама зиялылар рухтың өзегiн махаббат, сүйiспеншiлiктен көреді. Орта ғасырдағы Августиннiң айтқанындай, «сүй, содан кейiн не iстесең де болады». Тек қана сүю арқылы басқа адамның жан дүниесiн ақтара ашуға мүмкіндік аламыз.
Дереккөздер: Философский энциклопедический словарь/Ред. Е. Ф. Губский. М.: Инфра-М, 2004