«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Әл-Киндидің еңбектері және оның кредосы философиялық мәселелердің мәнін түсіндіруде



бет29/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Әл-Киндидің еңбектері және оның кредосы философиялық мәселелердің мәнін түсіндіруде.

ӘБУ ЖҮСІП ӘЛ-КИНДИ немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди (800, Басра — 860/879) — араб философиясының негізін салушы, араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Өскен жері — Бағдат, Басрада білім алған. Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады. Содан біздің заманға жеткені — 29. Екі бөлімнен тұратын “философиялық трактаттары” Египетте М. А. Әбу-Ридтың басшылығымен 1950, 1953 ж. жарық көрді. Еуропада латын тіліне тәржімаланды. Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы.
Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол замандағы озық дүниетанымдық ағым — мутазилиттер көзқарасына сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан.
«Органон» және «Метафизика» еңбектеріндегі мәселелер бойынша бірқатар трактаттар жазды. Ол өзінің дүниетанымына негіз етіп, жалпыға ортақ себептік байланыс идеясын алды. Бұл идея ─ «егер кез-келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болсақ, онда бүкіл ғаламдық нәрсені айнадағыдай тануға мүмкіндік туады» ─ дейді. Ол ғылыми танудың үш сатысын көрсетіп, бірте-бірте керек жағдайда білімнің ақиқатына жетуге болатынын айтты.

1. Логикалық-математикалық сатыда.

2. Ғылыми жаратылыстануда.

3. Метафизикада (философияда).

Ол өз уақытында дүниені адамның ақыл-ойымен тануға болады деген революциялық идеяны ұсынды. Оның ойынша танымның көзі және эталоны ─ ақыл-ой.
Әл-Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбектерін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастау керек. Әрине әрбір істің басшысы Алла,- дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде.
Ақпарат дереккөзі: "Зерде" ғылыми-көпшілік журналы,1994, 9 саны.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет