«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Ортағасырлық теологиялық философияның даму кезеңдері мен негізгі ұғымдарын атаңыз



бет25/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

Ортағасырлық теологиялық философияның даму кезеңдері мен негізгі ұғымдарын атаңыз.

Ортағасырлық арабтілді философияның дамуы екі кезеңнен тұрады:

1) VII-IX ғ.ғ. — арабтілді философияның тууы мен қалыптасуы;

2) IX-XV ғ.ғ. — арабтілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, игеруі. Арабтілді философияның араб — грек философиясына айналуы:

4.2 Бірінші (арабтілді философияның туу, қалыптасу) кезеңдегі негізгі бағыттар:

1) Мутукаллимдер мектебі.

2) Мутазилиттер мектебі.

3) Суфизм.

Мутакаллимдер — радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.

Мутазилиттер — (обособившиесяся, отколовшиеся) ислам философиясын дамытқанмен, кейбір мәселелерді материалистік тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:

1) исламның адамның жаралуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазуы,т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;

2) құдай туралы антропоморфты түсінікті (Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;

3) құдай мен әлемді бір деп жариялады;

4) адам ақылының күшіне сенді;

5) адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенеді.

Суфизм (1. «суф»-«жүн шекпен киген адам»; 2. «саф», «сафа» — «тазалық»; 3. «сафуа» — «таңдаулы болу» деген мағыналар гректің «софос» — «даналық» сөзінен алынған) адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнауы. Суфизм аскетизмді, мистиканы жоғары игілік деп есептейді.

IX ғасырда арабтілді философияның жаңа II кезеңі басталды. Ол кезеңнің жалпы белгілері:

1) медицина мен жаратылыстану саласынағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеялардың күшеюі;

2) ежелгі грек философиялық идеяларының енуі нәтижесінде араб философиясының араб-грек философиясына айналуы;

II кезеңдегі европаландырылған арабтілді философияның қалыптасуына үлес қосқан философтар: Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина (Авицена), Ибн-Рушд (Аверроэс).

Әл-Кинди (800-879) — араб философиясын европаландыруға қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарға ежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әсерімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т.б. материалистік идеялар жетті.

Аристотельдің 10 категориясы туралы ілімге сүйене отырып әл-Кинди:

1) материя;

2) форма;

3) қозғалыс;

4) кеңістік;

5) уақыттан құралатын прасубстанциялар туралы өз ілімін (категориялардың араб аналогиясын) тұжырымдады.

Сонымен қатар Әл-Кинди өз заманы үшін революциялық мәні бар идеяны — адам ақылының дүниені тани алатындығын жариялады және ғылыми танымның ақиқат білімге апаратын үш сатысын жіктеді:

1) логикалық – математикалық;

2) ғылым –жаратылыстық;

3) метафизикалық (философиялық).

Әл-Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі және өлшемі бола алады. Өзі қудалауға ұшырап, қолжазбалары өртелген ӘлКинди ортағасырлық араб философиясында алғаш болып аристотелизмнің (шығыс перипатетизмінің) негізін қалады және арабтілді философияның ортағасырлық Европа мен Азиядағы прогрессивті философияға айналуына ықпал жасады.

Әл-Фараби (870-950) — Аристотель философиясын жүйелеуші, араб мәдени ойына бейімдеуші.

Әл-Фараби алғаш болып эманация туралы идеяны, Құдай құдіретінің толық емес екенін айтты.

Ибн-Сина (980-1037) — арабтілді философияны жаңа деңгейге көтерген ойшыл. Негізгі еңбектері: 1. «Емшілік кітабы» («Құтқару кітабы»), 2. «Білім кітабы».

Ибн-Сина:

1) мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизмін әжуалады;

2) философияны діннен ажыратуға тырысты;

3) философия — адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді;

4) философиялық идеяларды жаратылыстану ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарымен негіздеді;
5) Құдайдың бар екенін мойындағанмен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтіреді;

6) дүниедегі көптеген құбылыстар табиғи заңдар бойынша іске асады деп есептеді;

7) дүниенің «эманация» арқылы пайда болғанын қабылдағанмен, эманация процесі Құдай құдіретімен емес, табиғи қажеттіліктен туындайды деп санады;

8) «алғашқы қозғаушы күш» идеясына қарсы шықты, оны әрбір материяның ажырамас қасиеті — табиғи қозғалыс идеясымен алмастырды;

9) дүниедегінің бәрі (қоршаған дүние, табиғат, Құдай) материалды деп сенді;

10)жан ғана мінсіз және мәңгі;

11)құдай және қоршаған дүние — мәңгілік.

Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198) — араб философтарының ішіндегі Европаға танымалы және әйгілісі болды.

Ибн-Рушд мұсылмандық Испанияда өмір сүрді және батысараб — европалық философияның өкіліне айналды. Ол Европаға кең тарап, католицизм мен схоластикаға қарсы шыққан аверроистік философияны жасады.

Ибн-Рушд философиясы — материалистік негізде және араб философиясының озық ойлары (Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина) мен жүйеленіп, өңделген Аристотель ілімінің синтезі түрінде қалыптасты.


Философ Э.Фроммның айтуынша, дін адамның саналы пенде ретіндегі табиғатынан - оның өмір сүру бағытын іздеуі мен бір нәрсеге табыну мұқтаждығынан шығады. Бұл, әрине, дін мәселесіне деген көзқарас. Осы тұрғыда, адам дүниедегі негізгі діндерді мойындамағанның өзінде, ол бір нәрсеге сенім артып, соған табынуы мүмкін. Мысалы, бүгінгі таңда реформа барысында біршама адамдар байлыққа, «алтын кошақан» - ақшаға табынады. Олардың ойынша, ақша арқылы сатылмайтын нәрсе жоқ, соның ішінде қайсыбір лауазым иесін, тіпті адамдардың сүйіспеншілік пен басқа да нәзік сезімдерін өзіңе қарай тартуға болады. «Бәрі де сатылады» деген принципке олар сенеді. Неміс философы К.Ясперс адамзаттың рухани дамуын парасаттылыққа негізделген философиялық сенім деңгейіне көтермей, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің шешілуі мүмкін емес дейді. Әрине, адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Адам өз әке-шешесіне, сүйген жарына, жақсы досына, өз халқына, я болмаса адамзат қауымына сенуі мүмкін. Еш нәрсеге сенім арта алмайтын адам бақытсыз, ол өз өмір мәнін тез арада жоғалтады, оның әлеуметтік ауытқуға ұшырайтыны сөзсіз. Мұндай кең түрдегі ойларымыздың ауқымын қысқартсақ, онда осы заманға дейін дүниежүзілік діндердің өмір сүріп жатқанын байқаймыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет