«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Ф.Аквинский философиясының негізгі мақсатын түсіндіріңіз



бет27/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

Ф.Аквинский философиясының негізгі мақсатын түсіндіріңіз.

Фома Аквинский(1225-1274)- италяндық діни ойшыл.Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Орта ғасырлық схоласт Фома Аквинский христиан қағидаларын Аристотель ілімімен жалғастырды. Фоманың философиясының негізгі мақсаты дүние ретімен ұйымдасқан жүйе ,өзара байланысты сатылардан тұрады. Төменгі саты - өлі табиғат. Өлі табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар шығып, олардан жоғары адамдар дүниесі пайда болады. Осы жүйенің биіктігінен, ең жетілген, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, мәні құдайды көреміз. Адамның құдай жаратқан дүниеде, өзіне сай арнаулы орны бар.
Адамда дүниедегі басқа құбылыстар сияқты «қозғаушы күшке» мұқтаж. Ол қозғаушы күш – адамның жаны. Жан адам тәнінің қозғаушы күші ғана емес, оның формасы. Адам жан мен тәннен құралған. Адам жаны «қозғаушы күш» бола тұра өзі өзгермейді. Осыған байланысты мынадай проблема туатыны айқын: егер жан өз мәніне байланысты өздігінен қозғалмайтын болса, ол қалай тәнді қозғай алады? Осы қиыншылықтан Фома маңызды себеп (guantum ad esse) және кездей соқ себеп (guantum ad fiezi) деген ұғымдарды пайдалану арқылы шығады. Маңызды себепке сүйенсек, бір нәрсенің өмір сүруінің себебі, одан бұрынғы бір нәрсе мен байланысты болғандықтан әрі қарай түбін қуа келе алғашқы себепке тірелер еді. Ол шексіз жол. Екінші (кездейсоқ) себеп бір нәрсенің қайдан пайда болғанын жан-жақты дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді. Адамның жаны кездейсоқ себеп арқылы қозғалады. Ф. Аквинскийдің пайымдауынша жан тән емес, ол тәннің әрекеті, яғни тәнмен бірікпеген, тек сонда орналасқан. Дәл осы мағынада кездейсоқ себеп арқылы жан тәннің қозғаушы күші бола алады. Фома Аквинский Августинды толықтыра адамды тән мен жаннан құралған (compo situm) дейді. Сонымен бірге жанның мәңгілігін, дербестігін қорғау мақсатымен Августин толық және жартылай субстанция деген ұғым енгізеді. Толық субстанция деп тән мен жаннан құралған адамды айтамыз, ал жанды жеке алсақ, ол жартылай субстанция. Осы арқылы Фома Аквинский бір жағынан Августиннің артық кеткенін (адам мен жанды айырмағанын) түзейді, ал екінші жағынан оның жан адамның мәні деген сенімін арашалап қалады.
Ақпарат дереккөзі:Боргош Ю. «Фома Аквинский».




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет