Жылу бак-аккумуляторлары Сыйымдылық типті жылу аккумуляторлары Күн энергиясымен жылу өндіру жүйесін бірқалыпты жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету жүйесінде жылу аккумуляторларының алатын орны маңызды. Себебі күн радиациясының ерекшелігі күн, ай, жыл бойы оның түсуінің периодтылығы және объектінің жылу қабылдауының максимумы мен жылу берілудің максимумының сәйкес келмеуі болып табылады [25].
Бак-аккумулятордың көлемін таңдау жүйенің басқа сипаттамаларымен тікелей байланысты [19, 36]. Жылуға арналған құрылғылар ережеге сай, күн коллекторларының айтарлықтай аудандарына ие (4-тен 8 м2/адам және климаттық жағдайларға байланысты одан да жоғары). Суретте (7.15-сурет) жылу энергиясын аккумуляцилауға арналған кеңінен таралған құрылғылар келтірілген.
Жазғы уақытта бұл құрылғыларда жылу өндіру нысанның жүктемесінен артпайды, сондықтан аккумуляциялаушы құрылғылар қажет.
Пайдалану жүйелерінде әдетте күн коллекторының 1м2бак-аккумулятордың 50-ден 120 л-не дейінгі көлемі келеді.
11-сурет. Сулы (а) және майда тасты (б) сыйымдылықты жылу аккумуляторлары: 1 – жылу алмастырғыш; 2 – суық су; 3 – ысық су; 4 – жылу сақтайтын бак; 5 – майда тас қабаты; 6 – тор; 7,8 – ауа кіретін (шығару) орын.
Аккумуляторлар жұмыстық заттың жылу сыйымдылығы есебінен және де әртүрлі материалдардың фазалық ауысуларының жылуы есебінен де жұмыс істеуі мүмкін.
Әйткенмен тәжірибеде қарапайымдылығы, сенімділігі және бағасының арзандығы жөнінен жұмыстық зат су немесе ауа болатын бірінші типті аккумуляторлар кеңінен тараған. [1,7].Сулы аккумуляторлар әдетте жылу оқшаулағыш (изоляциялы) қабаты бар цилиндр болат резервуар түрінде болады. Көбінесе оларды үйдің астыңғы бөлігінде орнатады.
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.