Қамтитын аумақ, мың.км2
|
Әлеуметтік ресурстар, млрд.кВтсағ
|
ПӘК ЖЭҚ әлеуметтік есеппен,млрд. кВт*сағ
|
1
|
ШығысҚазақстан
|
277,1
|
3000
|
30
|
2
|
Оңтүстік-Шығыс
|
223,2
|
3100
|
31
|
3
|
Оңтүстік Қазақстан
|
499,9
|
5600
|
56
|
4
|
Солтүстік Қазақстан
|
237
|
2700
|
27
|
5
|
Орталық Қазақстан
|
762,2
|
9100
|
91
|
6
|
Батыс Қазақстан
|
7292
|
8800
|
87
|
7
|
Барлығы
|
2718,1
|
32200
|
322
|
Жел электростансалардың бірнеше жобалары дайындықтың қандай да бір сатысында тұр. Жаһандық экологиялық қордың ақпаратына сәйкес, 2015 жылға дейін жел стансаларының бірлескен қуаттылығы 250 МВт жетуі мүмкін, ал олардың электр энергиясын шығаруы – жылына 750-900 млн. кВт сағ жетуі мүмкін ( ҚР Электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 0,6%).
2030 жылға қарай бұл көрсеткіштер сәйкесінше жылына 2000 МВт және 5 млрд. кВт сағатқа. жетуі мүмкін (ҚР электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 2,7%) [18, 21].
Жылу базаларынан және электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған электрлік желілерінен біршама қашықтықта жатқан жерлердегі жел қондырғыларын пайдаланудың да әлеуеті жоғары, өйткені отынды жеткізу немесе электр берілісінің желілерін төсеу үлкен қаржылық шығынды қажет етеді.
ЖЭС салу құрылысына зерттелген аумақтар
-
№
|
Аумақтың атауы
|
Жел жылдамдығы,м/с (80 м жоғары)
|
ЖЭС Қуаты, мВт
|
1
|
Жоңғар қақпасы
|
10,1
|
50-250
|
2
|
Шелек қақпасы
|
8,01
|
50-300
|
3
|
Кордай
|
6,06
|
20
|
4
|
Жүзімдік-Шаян
|
7,61
|
50-350
|
5
|
Астана
|
7,25
|
20
|
6
|
Ерейментау
|
8,09
|
50-500
|
7
|
Қарқаралы
|
5,91
|
10
|
8
|
Арқалық
|
7,52
|
10-50
|
9
|
Атырау
|
7,88
|
50-100
|
10
|
Форт-Шевченко
|
8,43
|
50
|
12-сурет. Жел электр стансаларын орналастыру сұлбасының картасы
Еліміздің көпшілік бөлігі үшін (аумақтың 80-85%) жел жылдамдығының өнімді жұмысы 2,5-3,0 м/с болғанда, ал желдің жұмыстық жылдамдығы 7-9 м/с аспайтын ЖЭҚ пайдалану тиімді болмақ.
Қазақстанда қашықта орналасқан елді мекендер көптеп саналатын жағдайда, солардың көпшілігінде электр берілісі желісінің жоқтығы, орталықтан жеткізушіге экономикалық тұрғыдан алыстағы шаруашылықтарды, қыстақтарды және теміржол разъездерін, жолы қиын жерлерде орналасқан елді мекендерді, шағын фермаларды, шопандар тұрағын, кэмпингтерді және т.б. электр энергиясымен жабдықтау тиімді емес.
Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілі нарыққа электр энергиясының конструкциясы желдің 45 м/с және одан асатын жылдамдығына төтеп беретін жергілікті көздерін қолжетімді бағамен жеткізу болып табылады.
Желдің пайда болу табиғаты
Жер қабатының беті Күн сәулесінің энергиясынан барлық жерлерінде бірдей қызбайды. Өйткені жердің беті бір текті емес: құрғақ және сулы кеңістіктер бар әрі олар бірдей кеңдікте емес сондықтан таулы, орманды, шөлді далалар және батпақты жерлер әртүрлі температурада қызады. Күні бойы теңіз бен мұхиттың ауасы біршама салқын болады, өйткені күн энергиясының едәуір бөлігі судың булануына шығындалады немесе оған сіңіріледі сондықтан су бетінің ауасының температурасы тәулік бойы өзгеріп отырады. Үлкен теңіз бен мұхиттың жағалауларында ауа қозғалысы тұрақты алмасымды қозғалыста болып тұрады соның салдарынан бұл аймақтарда тұрақты жел тұрады (теңіз бризі деп атайды).
Құрғақ шөл және шөлейтті жерлердің үстінде ауа қатты қызады, тығыздығы төмендейді мұндай аймақтарда ауа қозғалысы жоғары болады. Осының бәрі желдің пайда болуына әкеледі.
Жер атмосферасының айналып келулік табиғаты инерциялық күштің нәтежиесінде туындайды, ол жердің өз осінің айналуынан пайда болады. Олар әртүрлі ауа ағындарының ауытқуын түзейді.
Желдің тұру бағыты және желдің жылдамдығы сол аймақтың жер беті биіктігіне байланысты әртүрлі бағытта өзгеруі мүмкін.
Экваторға жақын жер бетінде орналасқан аймақта жел жылдамдығы едәуір жоғары. Жер бетінің 1 және 4 км биіктігінде, 300аймақтың аралығында солтүстік және оңтүстік кеңдікте бірқалыпты әуе ағындары түзіледі, оны пассат деп атайды. Орташа жылдамдығы 7-9 м/с құрайды.
13- сурет. Желдің жер бетіндегі қозғалу динамикасы
Қазақстан аймағын желэнергетикалық ресурстармен аудандастыру
Қазақстан аймағын желэнергетикалық ресурстармен аудандастыруды 5 ауданға бөлуге болады, аудандастыру желдің келесі қуаттылық көрсеткіштері бойынша жүргізілді: 1-аудан-Ебірлік<10 кВт сағ/м2, 2-аудан 1000-нан 2000-дейін, 3-аудан 2000-нан 3000-дейін, 4-аудан 3000-нан 4000-дейін, 5-аудан 4000 кВт сағ/м2аса.
Бұл мәліметтер Қазақстан аумағын желэнергетикалық ресурстармен аудандастыруының картасын құрғанда негізге алынды [1,2,8,35].
10>
Достарыңызбен бөлісу: |