Физика кафедрасы


Жұмыс тәртіптері бойынша желгенераторларын классификациялау



бет18/76
Дата29.12.2022
өлшемі6,09 Mb.
#60139
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ кешен жаңа форма-2017 (10)

Жұмыс тәртіптері бойынша желгенераторларын классификациялау
Желқозғалтқышы бар жүйелер үш класқа бөлінеді.
Бірінші класына желді дөңгелектері тік жазықтықта орналасатын жел қозғалтқышы жатады; осыған байланысты айналу жазықтығы жел бағытына перпендикуляр және жел бағыты дөңгелектің осі ағынға параллель. Мұндай желқозғалтқыштарқанаттыдеп аталады 13.3-сурет.
Кейбір қанатты желқозғалтқыштарда желді дөңгелектің осінде горизонталь жазықтыққа қатысты 6 дан 8одейін иіні болады.

14- сурет. Қанатты пішінді желқозғалтқышы.
Қанатты желқозғалтқыштар желді дөңгелектің типіне және жүрісіне байланысты үш топқа бөлінеді:
Екінші класынажелді дөңгелектің вертикальды айналу осі бар желқозғалтқыш жүйесі жатады. Конструктивті жүйе бойынша олар екі топқа бөлінеді:
– жұмыс істемейтін күрекшелері шымылдықпен бүркеліп тұратын немесе желге қарсы қырынан орналасқан әткеншектіжелқозғалтқыш;
– Савониус жүйесіндегі роторлы желқозғалтқыш.
Үшінші класынасулы диірменді дөңгелек принципі бойынша жұмыс істейтіндағыралы деп аталатын желқозғалтқыш жатады. Бұл желқозғалтқыштың айналмалы осі жел бағытына горизонталь және перпендикуляр (13.4-сурет).

15-сурет. Дағыралы пішінді желқозғалтқышы
Әлі де өрістеу алмаған басқа да жүйелер бар.
Қолдану классификациясында желқозғалтқышта айналудағы жел күшінің негізгі жұмыс принципін қарастырамыз.

16-сурет. Желқозғалтқыштарының түрлері
Желқондырғылары екі негізгі белгілері бойынша бөлінеді– жел доңғалағының геометриясы және оның желге сәйкес бағытта орналасуы.
Желэнергетикалық қондырғылардың негізгі классификациялық белгілерін төменде келтірілген анықтамадан анықтауға болады [1,2,4,41].
Көлденең ості жел электр генераторлар. Көлденең ості пропелерлік желдоңғалағын қарастырайық. Бұл типтің негізгі айналдыру күші – көтеру күші болып саналады. Желдоңғалағы жұмыс жағдайында желге салыстырмалы тіреу мұнарасының алдында немесе оның артында орналасады. Алдында орналасқан жағдайда желдоңғалағы аэродинамикалық қалыптастырғыш немесе басқа да оны жұмыс жағдайында ұстап тұратын қондырғылардан тұру керек. Артында орналасқан жағдайда мұнанралық желдоңғалағын жел ағынын құйыны арттырады. Доңғалақтың мұндай жағдайында жұмыс жасауында айналмалы (циклдік) жүктеме пайда болады, қатты шуыл және желдоңғалағының флуктуациясы болады. Жел бағыты тез өзгеруі мүмкін және желдоңғалағындағы бұл өзгерістерді анық түрде анықтап отыру керек. Сондықтан күші 50 кВт-тан көп ЖЭҚ-да осы мақсат үшін сервоқозғалтқыштарды пайдаланады.
Жел электрогенераторларда екі және үш қалқанды желдоңғалағын пайдаланады, соңғысы дыбыссыз жүріспен ерекшеленеді. Электргенератор және редуктор (желдоңғалағын қосатын), негізінен тіреу мұнарасының жоғарғы жағында айналмалы баста орналасқан. Оларды төменгі жағына орналастыру ыңғайлы, алайда айналу моментінде болатын қиыншылықтар әсерінен бұл тәсіл өз-өзін ақтамайды. әлсіз желде үлкен айналу моментін тудыратын көпқалқанды доңғалақтар суды айдап шығару үшін және басқа да үлкен айналу жиілігін қажет етпейтін мақсаттарда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет