Тік ості жел электргенераторлар. Тік ості жел электрогенераторлар өзінің геометриясының арқасында әрқилы желбағытында жұмыс жасайды. Мұндай схема біліктің (валдың) ұзару есебінен өндіргішті өзгеркіш (генераторлы редукторды) мұнараның төменгі жағына орналастыруға мүмкіндік береді.
Мұндай қондырғылардың жетіспеушілігіне мыналар жатады:
– автотербеліс үдерістері әсерінен туындайтын жоғары бүлінушілігі;
– айналу үдерісінің тоқымасынан (пульсациясынан) туындайтын –өндіргіштің көрсеткішінің (генераторлар параметрі) шығысының тоқымасы (пульсациясы).
Осы себептерден көптеген жел электр генераторлар көлденең ості схемамен жасалған, алайда тік ості қондырғылар әлі де зерттелуде.
Көп тараған тік ості қондырғылар.
Кесе пішіндес ротор(анемометр). Осы типтегі жел доңғалағы кедергі күші әсерінен айналады.
Савониус роторы.Бұл дөңгелек те кедергі күші әсерінен айналады. Оның қалқандары жіңішке майыстырылған жапырақтан істелген, яғни арзан және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Айналу моменті әртүрлі кедергі әсерінен пайда болады, ол ішке немесе сыртқа қарай майыстырылған қалқан роторы. Үлкен геометриялық толу әсерінен бұл желдоңғалақтары үлкен айналу моментіне ие және суды айдап шығару үшін пайдаланылады.
Дарье роторы. Айналу моменті көтеру күшінен туындайды, ол аэродинамикалық профилі екі немесе үш жіңішке майыстырылған беттен шығады. Көтеру күші қалқан үлкен жылдамдықпен жел ағынын қиып өткенде максималды болады. Дарье роторы жел электрогенераторларында пайдаланылады бастапқыда ротор өздігінен айнала алмайды, сондықтан осы мақсатқа генераторды пайдаланады [15,25,38].
17-сурет. Көп тараған тік ості жел қондырғылары
Масгрув роторы.Бұл желдоңғалақ қалқандары жұмыс жағдайында тік орналасқан, ал оны тоқтатқанда көлденең оспен айналу мүмкіндігіне ие. Масгрув роторының көптеген түрлері бар, бірақ олар қатты желде жұмыс жасай алмайды.
Эванс роторы.Бұл ротордың қалқандары апатты жағдайда орналасқан және оны басқарғанда тік осі бойымен айналады.