Жердің бұрыштық және Күннің аспандық координаталары Жердің географиялық торы жер бетіндегі нүктелердің орлналасуын анықтауға мүмкіндік береді (5.5-сурет). Ол үшін екі географиялық координата қолданылады: еңдік және ұзақтық . Жер шарын, экватор жазықтығына параллель жазықтықтар мен қиятын жазықтықтың сызықтарын параллель сызықтардеп аталады .
Жер шары беттерінің жазықтықтарын, жердің айналу осі арқылы қиятын жазықтықтардың сызықтары меридиандардепаталады.
Георгафиялық ендік – бұл экватор жазықтығы мен нүктедегі тік сызық арасындағы бұрыш, ол 5.5-суреттегі көрсетулермен анықталады да мен белгіленеді. Ендік нөлден (экваторда) 90о-қа дейін (полюстарда). Солтүстік және Оңтүстік полюс жағындағы ендіктер сәйкесінше солтүстік не оңтүстік ендік деп аталады.
41-сурет. Жердің географиялық торы
Георгафиялық бойлық– бастапқы болатын меридиан жазықтығымен нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығының арасындағы бұрышты айтады. Бастапқы (нөлдік) меридиан деп Гринвич астрономиялық обсерваториясы (Англия) арқылы өтетін мердиан қабылданған (5.5-сурет).
Бойлық нөлдік гринвич меридианынан саналады 0-ден 180оаралығында шығысқа немесе батысқа қарай, сәйкесінше оны шығыс немесе батыс бойлық деп айырады.
Аспан координаталары: 1. Горизонталдық координат жүйесі Бұл жүйеде (5.6-сурет) негізгі шеңберлермен салыстырмалы түрде шырақ (Күннің) орны анықталады ол нағыз көкжиек пен аспандық меридиан, оның координаталары Күн биіктігі (h) және оның азимуты (A).
42-сурет. Горизонталдық координат жүйесі
Күннің Жердің кез келген нүктесінде көрінетін бағыты осы екі бұрыштармен анықталады.
Күннің көкжиектің үстіндегі биіктігі h –горизонтальдық жазықтық пенбақылау нүктесінен күнге бағытталған осы нүкте арқылы өтетін аралық бұрыш.