Күнніңиілу бұрышы– Күнге бағытталған түзумен және экваторлық жазықтығының аралығындағы бұрышты иілу бұрышы деп айтады немесе онымаусымдық өзгеріс өлшем бірлігі деп саналайды.
Әдетте экватордан солтүстікке немесе оңтүстікке радианмен (немесе градуспен) өлшенеді. 0°-ден 90°-ға дейін оның оң мәні – экватордан солтүстікке, теріс мәні – оңтүстіке қарай есептеледі.
Жер Күнді жылына бір рет айналып өтеді. Жер осі мен оның кеңістіктегі айналу жазықтығына тұрғызылған перпендикулярдың арасындағы бұрыш барлық уақытта тұрақты шама δ0=23,5°.
5.8-сурете көрсетілгендей, солтүстік жартышарда δ ақырындап жазғы күн тоқырау мезгілінде δ0=+23,5°, қысқы күн тоқырау мезгілінде δ0=-23,5° өзгереді [19, 24, 41].
Аналитикалық түрде
град (5.3)
мұндағы, п— жыл күні (n=1, 1 қаңтарға сәйкес).
Күн мен түннің теңелуі нүктелерінде δ=0, ал Күннің шығыс және батыс нүктелері Ш – Б горизонт сызықтарда орналасады.
Сайып келгенде, күн траекториясы аспан сферасында тұйық қисық сызық болып келмейді, ол сфера бетін орайтын спираль тәріздес сызықпен шектерінің аймағында толтырылады.
Күннің балама көрінетін орнының есебі Енді Күннің көрінетін орнын есептеуге болады: h биік және А азимут – көрсетілген ендіктің φ кез келген нүктесінде тәуліктің кез келген уақытында τ бұрышымен сәйкес және жылдың кез келген мезгілінде δ бұрышымен сәйкес есептелінеді.
Біз нәтижені қарапайым түрде келтіреміз
(5.4)
және
(5.5)
мұндағы, φ – георгафиялық ендік; – күн иілуі формуламен анықталады ;град-сағаттық бұрыш; ; -сағаттық күндік уақыт, астрономиялық түстіктен есептелінеді.
Анықталғандай түсте күн биіктігі hмаксималды, h =90°-φ+δ.
Жазғы күн тоқырау уақытында біздің тұрған жерімізде (Алматы) Күннің кульминация кезеңінде: h=90˚-φ+δ☼= 90˚-41˚+23,5˚˚, қысқы күн тоқырау уақытында h =90˚-φ+δ☼= 90˚-41˚-23,5˚, ал күн мен түннің теңелу күндеріне, күн аспан экваторында болғанда - δ☼=0.