Аспан сферасы –бұл өз бетінше қиялдағы сферасы. Оның центрі шешілетін тапсырмаға байланысты кеңістіктің қандай да бір нүктесімен бірлеседі. Тік сызық аспан сферасының бетін екі нүктеде кесіп өтеді: жоғары Z зенитте және төменгі Z' надирде.
Математикалық көкжиек– аспан сферадағы үлкен шеңбер, оның жазықтықтығы тік сызыққа перпендикуляр. Математикалық көкжиектің N нүктесі солтүстік нүкте, S нүктесі – оңтүстік нүкте деп аталады. NS сызығы – жарты күндік сызық деп аталады.
Аспан экваторы –әлем осіне перпендикуляр үлкен шеңберді атайды. Аспан экваторы математикалық көкжиекпен шығыс E және батыс W нүктелерінде қиылысады.
Аспан меридианы–аспан сферасының үлкен шеңбері, ол Z зенитінен, Р әлем полюсінен, Р' әлемнің оңтүстік полюсінен, Z' надирден өтеді. Әлем осі аспан сферасының Р және Р' нүктелерінде – әлем полюсінде қиылысады.
Эклиптика(гректіңekleipsis– тұтылу), астрономияда – аспан сферасындағы үлкен шеңбер, күн қозғалысының жылдық траекториясы көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі нүктелерінде аспан экватормен 23°27’ бұрыш астында қиылысады. Эклиптиканы бойлай зодиак шоқжұлдыздарды орналасқан. Былай айтқанда,эклиптикажоқ, ол абстрактілі ұғым.
Жер орбитасының радиусы шамамен 1,5∙108 км-ге тең, оны астрономиялық бірлік ретінде қабылдаған (а.е.) жылына осы мәннен максимал ауытқуы 1,5%-тен аспайды [19,15,24,25].
Жер, өз орбитасымен қозғала, әлем кеңістігінде өз осін айналу бойынша өзгермес теңдігін сақтайды.
Күннің көрінетін тәуліктік және жылдық қозғалысы Жердің айналу осінің Жер орбитасы жазықтығына көлбеу бұрышы 66°33' тең, демек, жер орбитасының жазықтығымен жер экваторының жазықтығының арасындағы бұрыш 23°27' тең.
39-сурет. Жердің айналу осінің Жер орбитасы жазықтығына көлбей айналу бұрышы
Мысалы, Cолтүстік жартышарда ең үлкен күн ұзақтығы жазғы күн тоқыраумезгілінде22-маусымға тура келеді, Жер осі Күн жағына солтүстік жағымен еңкейгенде және сәйкесінше ең қысқа күн (немесе ең ұзақ түн)қысқы күн тоқыраумезгілінде 22 желтоқсанда, ось қарама-қарсы жаққа тұрғанда түседі.
Жердің Күнмен салыстырмалы тағы екі мінездемесі бар. Ол күн мен түннің ұзақтылығының теңелумезгілі бұл жердің айналу осі Жер мен Күннің центрлерін қосатын сызыққа перпендикуляр болғанда байқалады, ол жыл мезгілінің 21 наурызы мен 23 қыркүйекгінде теңеседі.
Жер өз оссін 23 сағ. 56 мин. 4 с. бір айналып шығады. Бұл уақыт аралығы жұлдыздық тәулікдеп аталады.
Біз күнделікті өмірде есеп жүргізіп жүрген уақыттар, тәуліктер, негізінен орташа деп аталады. Оларда 24 сағат бар, онда тек қана Жердің өз осінен айналуы емес, сонымен қатар оның күнді айнала қозғалысына (айналуы) .тәуелді [9,19,41,44].
40-сурет. Жердің Күнді айналу траекториясы
Жердің күнді бір айналып шығуы 365 күн 6 сағ 9 мин тең. Бұл аралық жұлдыздық жылдеп аталады .
Жердің күнді айналу (жер орбитасы) қозғалысындағы траекториясы шеңберге жақын, бірақ сәл керілген ол эллипске ұқсас келеді. Күн орны оның орбитасының центрінде емес, фокустарының бірінде орналасқан. Сондықтан жыл бойы күннің жерге дейінгі арақашықтығы оқтын-оқтын өзгереді: 147,1 млн. км-ден (қаңтар басында) 152,1 млн. км-ге (шілде басында) көрсетілген аралықтар арасында. Жер орбитасының үлкен жарты осі Жерден Күнге дейінгі орташа арақашықпен анықталады. Ол шамамен 150 млн. км-ге (149,6 млн. км) тең.
Орбита фокусы оның центрінен 2,5 млн. км қашықтықта жатыр. Жер орбитасының күнге ең жақын нүктесі перигелий, ал ең алысы –афелийдеп аталады.