Күн энергиясымен жылытатын гелиожүйелерінің жылулық сұлбалары Бір айналмалы-контурлыжылыту жүйелері –жыл бойы теріс температура жоқ жерлерде немесе маусымдық мезгілде қолдану үшін қажет. Су тұзды емес және таза болуы керек.
Екі айналмалы-контурлыжылыту жүйелері – жыл бойы қолдануға немесе су тұзды және механикалық қоспалармен ластанған жерлерде де жарамды.
Жылу тасымалдағышының айналысы табиғи болып келген жылы сумен қамтамасыз ететін бір айналмалы-контурлы күнмен жылыту жүйесі (6.4-сурет). Суды тікелей жылытатын бірайналмалы-контурлы термосифонды жүйенің жұмысын қамтамасыз ету үшін гелиожүйенің коллекторлары, бак-аккумуляторлары және жалғағыш құбыр өткізгіштері суық сумен толтырылады.
Күн сәулесі коллектордың мөлдір жамылғысынан (әйнегінен) өтіп оның жұтатын жылу қабылдағыштың көмегі арқылы арналарындағы суды жылытады. Қыздыру барысында судың тығыздығы азаяды және қызған сұйық коллектордың жоғары бетіне жылжи отырып, одан ары құбыр өткізгіш арқылы бак-аккумуляторға құйыла бастайды. Бактағы қызған су оның жоғары жағына көтеріледі, ал суық су бактың төменгі бөлігіне өтеді, яғни температураға тәуелді судың қабатқа бөлінуі іске асады. Бактың төменгі бөлігінен неғұрлым суық су құбыр өткізгіш арқылы коллектордың төменгі бөлігіне өтеді [33, 36, 39].
Осылайша, күн радиациясы жеткілікті болғанда, коллекторлық гелиоконтурда жылдамдығы мен интенсивтілігі күн сәулесі ағынының тығыздығына тәуелді тұрақты айналымды-циркуляция орнайды. Біртіндеп күндізгі уақыт ішінде тұтас бактың жылынуы іске асады, бұл жағдайда қолдануға арналған ыстық су бактың жоғары бөлігінде орналасқан судың жылы қабаттарынан алынуы керек. Әдетте бұл бакка суық су бактан қызған суды ығыстыратын қысым арқылы төменнен беріледі.
Термосифонды жүйе жағдайында бак-аккумулятордың төменгі нүктесі коллектордың жоғарғы нүктесінен жоғары және коллектордан 3-4 м-ден әрі емес, ал жылу тасымалдағыштың сорғысы (насосты) бак-аккукмулятордың орналасуы кез келген орында бола алады.
52-сурет. Ыстық сумен қамтамасыз ететін бір айналмалы-контурлы термосифонды жүйенің қарапайым сұлбасы