Жылу тасымалдағыштың циркуляциясы табиғи болып табылатын екі айналмалы-контурлы жүйелер Екі контурлы термосифонды жүйе(6.5-сурет).
Мұндай жүйенің жұмысы бірайналмалы-контурлы жүйенің жұмысына ұқсас. Гелиожүйеде коллекторлардан, құбыр өткізгіштен және бак-аккумулятордағы жылу алмастырғыштан тұратын (бактағы имелі пішіндес құбыр, сыртқы жылу алмастырғыш қондырғы немесе «бак») тұйықталған коллекторлық контур бар.
53-сурет. Ыстық сумен қамтамасыз ететін екі айналмалы-контурлы термосифонды жүйенің сұлбасы
Бұл айналым-гелиоконтурға қыста қатпайтын арнайы жылу тасымалдағыш сұйық құйылады. Коллекторда жылу тасымалдағыш сұйық қызғанда ол жылу алмастырғыштың жоғары бөлігіне көтеріледі, бактағы суға жылуын береді және өзі суи отырып күн радиациясы жеткілікті болса, контурда тұрақты табиғи айналмалы церкуляция орнайды, ал ысыған су коллектордың шығысына жылжиды.
Жылу тасымалдағыш ынталы-активті айналмалы екі контурлы жүйе(6.6-сурет)
Мәжбүр айналмалы екі контурлы гелиожүйе жұмыс істеу үшін коллекторлық контурға сұйықтың контурда айналымын тудыру үшін сорғымен (насос) жабдықталады, бұл ыстық су жинайтын бак-аккумуляторды ғимараттың кез келген бөлігіне орналастыруына мүмкіндік береді.
Жылу тасымалдағыш сорғы қозғалысының бағыты коллекторлардағы табиғи айналым (циркуляцияның) бағытымен сай келуі керек. Сорғыны (насосты) қосу және ажырату коллекторлар мен бактардың шығысында орналасады, температура датчиктерінің көрсетулерін салыстыратын дифференциалдық басқарушы реле түрінде болып келген электронды басқару блогы арқылы іске асырылады.
54-сурет. Мәжбүр айналдырмалы ыстық сумен қамтамасыз ететін екі айналмалы-контурлыкүн жүйесінің сызбанұсқасы
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.