18. Бірлік цифры ондық цифрына қарағанда 2-ге артық болатын және ізделінді санды оның цифрларының қосындысына көбейткенде 144-ке тең болатын екі таңбалы санды табыңыз.
A) 52; B) 69; C) 24; D) 35; E) 57.
19. Цифрлары бірдей екі таңбалы сан берілген. Егер бұл санның үлкен разрядына 1-ді, ал кіші разрядына 2-ні қосып, оны берілген санға көбейткенде 2464-ке тең болатын екі таңбалы санды табыңыз.
A) 11; B) 22; C) 33; D) 44; E) 55.
20. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда ізделінді саннан 18-ге артық болатын сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 57; B) 75; C) 48; D) 84; E) 39.
В топ. 1. Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан үш еселенген біріншісінен 8-ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?