11. Ортасында ноль цифры орналасқан үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер бірінші орында тұрған цифрды соңғы орынға ауыстыратын болсақ, онда жаңадан шыққан сан бастапқы берілген саннан 99-ға артық болады. Берілген санды табыңыз.
A) 405; B) 504; C) 306; D) 603; E) 707.
12. Егер ойлаған екі таңбалы санның сол жағына 2 цифрын тіркеп жазсақ, онда шыққан үш таңбалы сан бастапқы берілген саннан 9 есе артық болады. Қандай сан ойланған?
A) 25; B) 26; C) 24; D) 27; E) 28.
13. Екі таңбалы натурал сан берілген. Осы санның квадраты мен оған кері тәртіпте жазылған санның квадраттарының айырымы 495-ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.
A) 33; B) 44; C) 55; D) 66; E) 88.
14. Егер екі таңбалы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 6-ға және қалдық 2-ге тең болады. Егер осы санды оның цифрларының көбейтіндісіне бөлетін болсақ, онда бөлінді 5-ке және қалдық 2-ге тең болады. Осы санды табыңыз.