19. Қайсыбір екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке және қалдық 9-ға тең болады. Ізделінді санды табыңыз.
A) 75; B) 57; C) 63; D) 85; E) 92.
20. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі оның цифрларының қосындысынан 2 есе артық. Егер ізделінді саннан 27-ні шегерсек, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 23; B) 43; C) 53; D) 63; E) 73.
С топ. 1. Үш санның екіншісі біріншіден қанша үлкен болса, үшіншісі екіншісінен сонша үлкен. Егер екі кіші сандардың көбейтіндісі 85-ке тең, ал екі үлкен сандардың көбейтіндісі 115-ке тең болса, сол үш санды табыңыз.
A) 9,5; 6; 2,5; B) 6,9; 15; 7,5; C) 8,5; 10; 11,5; D) 7,5; 9; 10,5; E) 6,5; 12; 6,5.
2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 8-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда бастапқы берілген саннан 18-ге кем сан шығады.