16. Моторлы қайық су ағысының бойымен 28 км, ағысқа қарсы 25 км жүзгенде тынық суда 54 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 10 км/сағ; B) 11 км/сағ; C) 12 км/сағ; D) 13 км/сағ; E) 14 км/сағ.
17. Ара қашықтығы 2200 км-ге тең екі А және В аэродромдарынан бір мезгілде ұшып шыққан екі ұшақ 2 сағаттан кейін кездесті. Бірінші ұшақ В пунктіне, екіншісінің А пунктіне жеткен уақытынан 4 сағ 35 мин ерте ұшып жетті. Әр ұшақтың жылдамдығын табыңыз.
A) 320 км/сағ; 400 км/сағ; B) 400 км/сағ; 600 км/сағ; C) 300 км/сағ; 700 км/сағ; D)300 км/сағ; 800 км/сағ; E) 400 км/сағ; 900 км/сағ.
18. Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі нүкте әрбір 1 минут өткенде кездесіп отырады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 с ерте айналып өтеді. Әрбір нүктенің жылдамдығын табыңыз.
A) 2 м/с; 3 м/с; B) 3 м/с; 4 м/с; C) 3,5 м/с; 4,5 м/с; D) 4 м/с; 5 м/с;