Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет6/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Антикалық ғылымның ерекшеліктері. 
Ең бірінші эксперименттің болмауы. Қазіргі заманғы зерттеулер 
эксперименттерге негізделген, яғни теорияны міндетті түрде экспериментпен 
салыстырып, дәлелдейді.
Мұның бірнеше себептерін қарастыруға болады. Ең алдымен ғылым 
тарихшылары идеологиялық көзқарастар деп санайды. Құлиеленуші қоғамда 
еркіндіктегі қала тұрғындары физикалық еңбекпен айналыспаған. Олар 
данагөйлер жатпайтын құлдар қатарына жатты. Осылайша, эксперименттік 
және теориялық ғылыми зерттеулер антикалық қоғамның ерекшеліктерімен 
сәйкес келмеді. Екінші себебі, экономикалық көзқарастар, құлиеленуші 
қоғамның экономикалық базисі жеткіліксіз болды. Ол уақытта ешқандай 
материалдық база болмады, техника төмен деңгейде болды. Сірә, осы себеп сол 
заманға нақты болар. 
Не болса да, ол кезде әскери істерде ғылыми зерттеулер эксперименттік 
бағыт алды деуге болды. Дәл осы облыстарда инженерлер мен атақты 
оқымыстылар жұмыс істеді, олардың ішінде ежелгі әлемнің ұлы 
оқымыстылары Сиракуздан Архимед бар. 
Антикалық заманның тағы бір ерекшелігі - ғылыми зерттеулерде 
математиканы қолданудың шектелуі. Бұл антикалық қоғамды билеп тұрған 
құлиеленушілікпен байланысты. Экономиканың дамуының сатысы, саяси 
жағдайлар барлық нәрсенің сандық көрсеткішіне мән бермеді, бағаламады. Бұл 
антикалық натурфилософтарға ғылыми сұрақтарды шешуде өрескел сапалық 
түсініктердің жеткілікті екеніне әкелді. 
Ежелгі заман математигі Пифагордың ізбасарлары – пифагорлықтар 
антикалық ғылымға сандық сипаттар мен қатыстарды енгізу керек деген 
ұсыныстары қолдау таппады, ол сандық сиқыр болып қала берді. 
Пифагорлықтар жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен шығып қалды. 
Олар осы сандар әлемді билейді деп сендіруге тырысты. Пифагорлықтар үшін 
математика идеал заңдардың түйіні болды; жеке сандар символдар болып 
саналды: бір саны бар нәрсенің басы, екі – қарама-қайшылықтың, үш саны – 


11
табиғат символы және т.б. Сандық сиқыр, магия өте тірі, ол әлі де 
ұмытылмаған. Мысалы, «сайтан дюжинасы» (13 саны), «бақытты» жеті немесе 
«айуан саны» 666 екенін еске түсірелік. 
Бір емес бірнеше рет қазіргі заманғы ғылым сонау антикалық заманнан 
пайда болғанын айттық. Бұл деген сол кезде қойылған сұрақтар, мәселелердің 
әлі күнге жалғасын табуда екенін білдіреді. Ал сол кезде антикалық ғылымның 
алдында қандай міндеттер тұрды. 
Ең басты міндет – материяның құрылысын анықтау болды. Бұл сұрақпен 
философтар да натурфилософтар да айналысты. Ежелгі ойшылдардың 
айналысқан бір мәселесі: көптеген және әр түрлі объектерді бүкіл дүниеге 
қалай байлап, тіркеп қою керек? Осыдан барып бәрі неден тұрады деген сұрақ 
туды, нені элементар деп санауға болады? Бұл сұраққа әр түрлі жауап болды: 
Фалес Милетский – оттан; Анаксимен – ауадан; Гераклит – оттан; Эмпедокл – 
төрт элементтен (от, ауа, су және жер) тұрады деп санаған; Анаксимандр мен 
Анаксагор біртіндеп атом туралы түсінікті енгізу керек деді. 
Атомистер (Левкипп, Демокрит, Эпикур). Демокрит (шамамен б.э.д. 460-
370 жж.) және Левкипп (б.э.д. V ғ.) барлық денелер біріншілік материядан 
тұрады деп айтқан. Демокриттің шығармалары бізге жетпеген, сондықтан біз 
тек қана оның қандай бағытта жұмыс істегенін айта аламыз. Демокриттің 
оқуын Эпикур (б.э.д. 341-270 жж.) өңдеген, өкінішке орай оның негізгі 
шығармасы сақталмаған. Дегенмен оны Тит Лукреций Кар «Заттың табиғаты 
туралы» поэмасында мазмұндап жазған. Демокрит-Эпикур оқуларының негізі, 
Лукреций жазып кеткендей, онды үш принцип жатыр: материяның сақталуы
формалардың (материяның түрлерінің) сақталуы, боссыздықтың болуы.
Физиканың әр түрлі облыстарында антикалық ғылымның жетістіктері 
қандай болды? 
Механика. Алғашында механика қолданбалы ғылым болған, тек кейін 
ғана механикада алғашқы теориялық қорытындылар пайда бола бастады. 
Олардың бірі қарапайым механизмді қарастыру, бірінші кезекте, рычаг 
проблемасын шешу. Осы мәселемен Арихимед (оның «Таразы туралы» кітабы 
бізге жеткен жоқ), Евклид, жалған-Евклид және тағы да басқа да ғалымдар 
айналысқан. 
Гидростатика. Антикалық ғылымдар гидростатика мәселесін де өте 
маңызды деп санады. Архимед денелердің жүзу шарттарын қалыптастырды. 
Бұл бізге қазір Архимед заңы деген атпен белгілі. 
«Ауаның ауырлығы» деп ежелгілер оның пневматикалық қасиеттеріне 
қарай айтқан. Осыған үлес қосқан Герон Александрийскийдің «Қозғалысы» 
антикалық ғалымдардың қозғаған мәселерінің бірі. Ол Аристотельдің 
«Физикасында» жүйелі көрсетілген. 
Акустика. Акустика туралы алғашқы ұғымдар Пифагорға жатқызылады. 
Осыған орай, пифагорлықтар дауыстың таралу жылдамдығы оның 
жоғарлылығына байланысты, бірақ олар жоғарылылықтың тербеліс жиілігіне 
байланысты екенін білмеді. 
Оптика. Оған антикалық ғалым Евклидті (б.э.д. III ғ.) жатқызады, ол 


12
евклидтік геометрияны сол кезде «Бастаулар» атты шығармасында жазған және 
де ол «Оптика» және «Катоптрика» (аударғанда «Көріністер туралы», және 
«Шағылу көріністері туралы» дегенді білдіреді) шығармаларын жазды. Оның 
бұл жұмыстарында қазіргі геометриялық оптиканың бастамалары жазылған. 
Оптикамен сол заманда Архимед, Герон Александрийский, Клавдий Птолемей 
сияқты оқымыстылар айналысқан. 
Қарап тұрсақ, қазіргі заманның ғылымының түп негізі сонау антикалық 
заманнан басталады екен. Антикалық заманда қойылған міндеттер мен 
мәселелер көптеген ғасырларға созылып, солардың жауабын іздеу барысында 
қаншама ғылыми жаңалықтар ашылды, қаншама ғалымдар келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет