Агроөнеркәсіптік кешен
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы 2 саладан тұрады: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылық өнімдерінің 50,7%-ын беретін: өсімдік шаруашылығы
Дәнді, техникалық, жемшөптік, бау-бақшалық дақылдарды өсірумен айналысады: өсімдік шаруашылығы
Дәнді дақылдарға жатады: бидай, тары, күріш, арпа, сұлы, т.б. жатады
Елімізде өсірілетін бидай түрлері: жаздық және күздік
Еліміздің құнарлы қара топырақты ауданы болып есептелетін солтүстік аудандарда өсіріледі: жаздық бидай
Жаздық бидай өсіретін негізгі облыстар: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан
Оңтүстік аймақтарда өсіріледі: күздік бидай
Күріш өсірілетін аймақтар: Сырдария, Іле, Қаратал, Шардара өзендерінің бойында
Күріш өсіретін негізгі аймақ: Қызылорда облысы
Еліміздің солтүстік-батысында өсірілетін дәнді дақыл, әсіресе, Ақтөбе облысында көп өсіріледі: Тары
Қарақұмық көп өсіріледі: Өскеменде, Павлодарда
Тамақ және жеңіл өнеркәсіптің негізгі шикізаттары болып саналады: техникалық дақылдар
Техникалық дақылдарға жатады: мақта, күнбағыс, қант қызылшасы, темекі, зығыр
Оңтүстік аудандарда өсірілетін, жылу сүйгіш дақыл: мақта
Мақта егістік алқаптары таралған: Арыс, Келес өзендері аңғарларында
Қандай қалалар маңында мақта өсіріліп, одан май алатын кәсіпорындар жұмыс істейді: Түркістан, Шымкент
Қант қызылшасын өсіретін негізгі облыстар: Алматы, Жамбыл
Күнбағыс өсімдіктерінің көп бөлігі қай аумақтарды алып жатыр: Шығыс Қазақстан мен Павлодар
Күнбағыс өсірілетін өзен аңғары: Ертіс
Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі міндеттерінің бірі: топырақ құнарлығын арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |