Дүниежүзілік діндер Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай бөлінеді: әлемдік дін және ұлттық дін
Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін: Ислам діні, Христиан діні, Буддизм
Христиан діні Христиан діні пайда болды: 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде
Христиан дінінің 3 тармағы бар: католик, протестант, православие
Христиан дінін Ұстанушылардың жартысынан астамы: католиктер
Католиктер көп таралған: Еуропаның оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Филиппинде
Католиктік шіркеулердің басшысы: рим папасы
Дүние жүзі католиктерінің жиналатын жері: Ватикан
XVІ ғасырда Еуропада Рим папасының басшылығынан бас тартқан – діни ағымның жаңа өкілдері: протестанттар
Көптеген шіркеулер мен ағымдардан, секталардан тұратын протестантизм таралған аймақтар: Солтүстік Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Солтүстік Америка
Христиандардың 1/10-і: православие тармағының өкілдері
Бір-біріне тәуелсіз жеке шіркеулерге қарайды және әр шіркеуді өзінің патриархы басқарады: православиялық шіркеулерде
Православие тармағын ұстанушылар кең таралған: Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде Ресейде
Дүние жүзі бойынша әлемдік діндер ішінде христиан дінін ұстанушылар саны бойынша: біріншілікке ие
Ислам діні Ислам діні пайда болды: 610 жылы Арабия түбегінде
Ислам дінін ұстанушылар екі тармаққа бөлінеді: суниттер, шииттер
Ислам дінінің шиит тармағы басым таралған: Иранда, Оңтүстік Ирак пен Солтүстік Йеменде
Ислам дінінің суннит тармағы таралған: басқа мұсылман елдерінде
Мұсылмандар үшін қасиетті жер болып саналады: Сауд Арабисындағы Мекке (Мұхаммед пайғамбардың туған жері), Медине (Мұхаммед пайғамбардың жерленген жері)
Мұсылмандар негізінен шоғырланған: Азияда
Соңғы уақыттарда мұсылмандардың саны біршама көбейді: Африка және Еуропа елдерінде
Мұсылмандардың саны жөнінен көзге түсетін елдер: Индонезия (160 млн адам), Пәкістан (126 млн адам), Үндістан (100 млн адам)
Мұсылман дінін ұстаушылар саны жөнінен алады: 2 орынды