Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



бет65/90
Дата28.03.2023
өлшемі173,3 Kb.
#76963
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Байланысты:
Физикалы География грек тілінен аудар анда ы ма ынасы гео-жер

Халықтың тығыздығы

  1. Дүние жүзі бойынша әр шаршы шақырымға: 49 адамнан келеді

  2. Әлем бойынша халықтың 61%-ға жуығы тұрады: Азияда

  3. Әр шаршы шақырымға 100 адамнан артық келетін халық мейлінше тығыз орналасқан аймақтарға жатады: Еуропа, Азияның кейбір аудандары (Унді-Ганг ойпаты, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, т.б.)

  4. Халық өте сирек қоныстанған аудандарға жатады: Аустралияның шөлдері мен шөлейтті аудандары, Канаданың климаты қатал аудандары, Намибия, Суринам, Ливия елдері, Еуропаның солтүстік бөлігі, Амазонияның батпақты жерлері

  5. Дүние жүзі бойынша халық өте тығыз орналасқан мемлекет: Бангладеш (1 км2 – 1000-нан аса адам)

  6. Еуропаның «Ергежейлі елдерінің» ішіндегі ең тығыз қоныстанған мемлекет: Монако (1 км2-16,4 мың адам)

  7. Халық өте сирек қоныстанған қоныстанған мемлекет: Монғолия (1 км2-1 адам), Аустралия (1 км2-2 адам)

  8. Әлемде халық өте тығыз қоныстанған 5 аймақ: Шығыс Азия (1,5 млрд адам), Оңтүстік Азия (1 млрд адам), Оңтүстік-Шығыс Азия (500 млн адам), Батыс Еуропа (500 млн адам), Солтүстік Американың Ұлы көлдері мен Атлант мұхиты жағалауы (200 млн адам)

  9. Тұрғылықты халқы жоқ материк: Антарктида

  10. Халық территория бойынша біркелкі орналаспаған елдерге жатады: Аустралия, Канада

  11. Аустралияды халықтың көпшілігі қоныстанған: оңтүстік-шығысында

  12. Канадада халықтың көпшілігі қоныстанған: АҚШ-пен шекаралас оңтүстік аудандарда

  13. Құрлықтың табиғат жағдайлары қатал немесеғ адамның өмір сүруіне қолайсыз болып келетін жері: 10%


Халықтың көші-қоны

  1. Көші-қонның негізгі 2 түрі: ішкі көші-қон, сыртқы көші-қон

  2. Көші-қонның негізгі себептері: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси, ұлттық әскери, діни

  3. Мемлекет ішінде болатын көші-қон: ішкі көші-қон

  4. Мемлекеттер арасында болатын көші-қон: сыртқы көші-қон

  5. Елге басқа мемлекет азаматының келіп, тұрақтап қалуы: Иммиграция

  6. Адамдардың өзінің тарихи отанынан басқа елге тұрақты тұруға немесе саяси, экономикалық себептерге байланысты ұзақ мерзімге қоныс аударуы: эмиграция

  7. Қазіргі кезде иммигранттарды қабылдайтын басты аймақтар болып саналады: Еуропа мен Америка

  8. Еліміздегі көші-қонның негізгі бағыты: ауылдан ірі өнеркәсіпті қалаларға қоныс аудару




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет