Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет31/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
43. Синапстардың құрылысы.
Түйіспе яғни синапс деп өзара жүйке не жүйкемен шеттегі қызмет атқарушы жасушасы яғни эффектор түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы үласуды контактыны айтамыз. Жалпы үйіспе ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологы 1897 жылы Ч. Шерингтон болатын. Түйіспелер ұласқан жасушалардың түріне қарай нейронаралык яғни нейронейрональдық, ет-жүйкелік яғни мионевральдық болып, əсеріне байланысты қоздыратын, тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық яғни осы медиатордың қатысуымен, электрлік яғни эфалстық болып үш топқа бөлінеді. Кейде аралас электрлік-химиялық түйіспелер да кездеседі. Сонымен қатар жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет-жүйкелік түйіспе құрылады Жүйке талшығы миоцитке жетісімен ванн қабығынан айырылады да бірнеше тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың үшы бүршік тәрізді жуандан барып миоцитпен түйіседі. Жалғыз жүйке тапшығы бұтақтанып 3-3000 дейін түйіспе құрады. Осы түйіспе арқылы қозу үрдісі жүйке талшығынан миоцитке өтеді. Және де орталық жүйке жүйесіндегі шеткі түйіндер мен ағзалар ішіндегі нейрондардың арасындағы түйіспелерде жүйке бүршіктері бірімен бірі және нейрон денесімен ұласады.
Жалпы синапстың құрылысы

  • Аксон

  • Митохондрий

  • Синапс көпіршігі

  • Пресинапстық мембрана

  • Постсинапстық мембрана

  • Медиатор қабылдағышы

  • Синапстық саңылау

  • Дендрит

Денедегі барлық түйіспелердің құрылысы біркелкі болып келеді. Әрбір түйіспе үш элементтен, атап айтқанда пресинапстық яғни түйіспеге дейінгі, постсинапстық яғни түйіспеден кейінгі мембраналардан және түйіспелік саңылаудан тұрады. Жүйке талшығының ұшы түйіспе қүрар алдында кеңейіп жуандап бұтақ бүршігіне ұқсайды. Түйіспе саңылауы алдындағы жүйке бүршігінде медиаторға толы көпіршіктер яғни везикулалар мен митохондрийлер болады. Осы бүршіктің басқа жүйкемен не миоцитпен түйіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық боп саналады, ал постсинапстық мембрана түйіспе саңылауынан кейінгі жүйке бүршігі не ет жасушасын қаптайды. Бұл жерде миоцит мембранасы жасушаның ішіне қарай майысады да шүңқырға айналады. Шұңкыр түбіндегі мембрана ет-жүйкелік түйіспенің постсинапстық мембранасы болып табылады. Осы екі мембрананың арасындағы түйіспелік саңылау жасушааралық не плазма тәрізді сұйықтыққа толған. Саңылау диаметрі шамамен 20-50 нм-дей болып келеді. Қозу үрдісі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат - медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, және де бүршігіндегі везикулаларда болады. Ол нейрон денесінде түзіледі де нейрофибрилдердің бойымен жылжи отырып, жүйке ұшына жеткендерде шоғырланып үлбіреген көшірік қабымен қапталады. Постиннапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок қабылдағыш орналасқан болып келеді. Түйіспе медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық қабылдағышы холинорецептор болып табылады. Сонымен қатар бірыңғай салалы етте адреналин де медиатор рөлін атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда постсинапстық мембрана қабылдағышы адренорецептор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет