Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Қорқыт ата бейнесі



бет48/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
57.Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Қорқыт ата бейнесі
Қорқыт ата (9 ғ.) – қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы.
Қорқыт ата VIII-IX ғасырларда Сырдария өзенінің бойында дүниеге келген. Ол туылмас бұрын, далада қатты дауыл басталып, найзағай жарқылдап, жерді қараңғылық басқан. Бірақ, сәби дүниеге келген соң, күн сәулесі түсіп, табиғат қайтадан тынышталды. Адамдар: «Бұл бала барлығымызды қатты қорқытты, сондықтан оның есімін Қорқыт деп қояйық» деп шешті дейді.
Қорқыт есіміне байланысты бірнеше деректер бар.
Ғалымдардың бір тобы Қорқыт өмірде болған, оған дәлел, оның күйлері дейді.Олардың айтуынша, Қорқыттың 20 музыкалық шығармасы белгілі. Жалпы,Қорқыт жер бетінде алғаш қобыз аспабын ойлап тапқан дейді.Оның күйлері:"Қорқыт", "Башпай","Тарғыл ана","Ұшардың ұлуы ","Желмая","Елім-ай",т.б.
Ғалымдардың екінші бір тобы Қорқыттың күйші болғандығына күмәнмен қарайды.Мысалға,Тынысбек Қоңыратбаевтың "Қазақ әдебиеті" газетіне берген сұхбатын алсақ,онда былай делінген :
"Қорқыт – бақс. Бақсы – синкреттік тұлға. Оның бойында әлі бір-бірінен даралана қоймаған ақындық, композиторлық, орындаушылық және бишілік өнер көрініс тапқан. Бірнеше өнер түрлерінің мұндай тұтастығы, сөз жоқ, фольклорлық кезеңге тән. Ал фольклорда автор деген ұғым болмайды, оның басты сипаты халықтығында, анонимдігінде, авторсыздығында. Олай болса, фольклорлық сана аясында туған Қорқытты көп кейін қалыптасқан күйшілік өнер өкілі ретінде танудың ғылыми негізі олқы"
Яғни, Қорқыт-фолькор аясында туған кейіпкер және ол күйші емес деген пікірге саяды.
Және қазірде Қорқыттың күйі деп жүрген күйлер негізінен Ықылас күйлерін алынғандығын да атап кеткен.
Екінші тұрғыдан ғалымдар, Қорқыттың өмірде болғанын оның бақсы болғандығы дәлелдейді дейді.Айтып өткеніміздей, М.Әуезов пен Ә.Марғұлан пікірлері осыған саяды. Қорқыттың өмірде болғандығына сенетін ғалымдар, оның бақсылығын қобыз аспабымен байланыстырады. Қорқытты қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші ретінде санайды.
Және,бақсы болғандығының тағы да бір дәлелі-оның әкесінің қара бақсы атануы.
Ал,ғалымдардың екінші бір тобы Қорқыт-бақсы болса, ол тек халықтың ойынан туған фольклорлық бейне.Ол қандай да бір кезеңде өмір сүрмеген деген пікірге топтасады.
Әр елде Қорқыттың өмірден озуын әр кезеңге келтіріп айтады және оның мазарының өз елдерінде орналасқандығын баяндайды.Қазақ жерінде Қорқытты Сырдария бойында,Қармақшы қыстағының маңында жерленген деген пікірлер бар.
Ал,кей ғалымдар оның тек қана аңыз кейіпкері екендігін,өмірде болмағандығына байланысты мазары да жоқ екендігін айтып көрсетеді.Қорқыт-аңыз кейіпкері деп айтылады. Ал,аңыз-шындыққа негізделіп жазылады.
Ол шындық кейіпкер болсада, аңыз кейіпкері болса да,түркі жұртына ортақ, өшпейтін шоқтығы биік, жарық,ұлы тұлға.Екінші тұрғыдан ғалымдар, Қорқыттың өмірде болғанын оның бақсы болғандығы дәлелдейді дейді.Айтып өткеніміздей, М.Әуезов пен Ә.Марғұлан пікірлері осыған саяды. Қорқыттың өмірде болғандығына сенетін ғалымдар, оның бақсылығын қобыз аспабымен байланыстырады. Қорқытты қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші ретінде санайды.
Яғни,Қорқытты кей ғалымдар фольклормен байланыстырып оны аңыз кейіпкері десе, кейбіреуі тарихи бейне ретінде алып қарастырады.
Фольклорға тағы бір қатысы-Қорқыт ата хикаялары мен жырлары.Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта.Бұл хикаялар өзіміз білетіндей, Қорқыт ата кітабында сақталған.
Ал,қазақ фольклортануында Қорқыт бейнесін терең зерттеген-Тынысбек Қоңыратбаев еді.Тынысбек Қоңыратбаев қазақ даласындағы фольклор кейіпкері Қорқыт жайлы зерттеп,мақалалар шығарған. «Қорқыт өмірде болған ба?» атты мақала «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған. Бұл еңбектері алыс-жақын шетел басылымдарында жарық көріп, Париждегі Интернационалдық жазушылар одағының «Святая Анна» орденімен марапатталған .Бұл мақалада Қорқыттың әдеби-музыкалық мұрасы туралы толғамды пікірлер сабақтаған.Бұл мақалада Қорқыттың мифтік немесе шынайы кейіпкер екендігі,Қорқыттың күйлерін ЮНЕСКО мұралары құрамына кіргізу жайлы айтылған.Сонымен қатар,Тынысбек Қоңыратбаев жыраулық өнерді жүйелі зерттеп, еңбектер жазды. Ғалымның дерегініне сүйенер болсақ, жыраулық дәстүрге сонау оғыз заманындағы ұзандардың өнері бастау болып, Тоныкөк пен Қорқыттан жалғағанын, сөйтіп, XVIII ғасырға дейін дамыған жыраулық поэзия ары қарай жыршылық өнерге ұласқанын білуімізге болады деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет