Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 2-cypem



Pdf көрінісі
бет15/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   250
28


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
2-cypem.
Amoeba proteus (кәдімгі амеба):
1 - мембрана, 2 - эктоплазма, 3 - эндоплазма, 4 - ядро, 5 - ас корыту вакуолі, 
6 - жиырылғыш вакуолі, 7 - жалған аяғы
алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген жерінен 
сыртқа шығарып отырады.
Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді.
Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр 
шығару, осмос қысымын ретгеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 
5-8 минутта сұйық заттарға және суға толып жиырылып тұрады.
Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен 
бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.
Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, пара- 
зитті өмір сүретін түрлері де жатады. Мысалы, Enthamoeba 
histolitica

дизентериялық амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм. Эктоплазма және 
эндоплазма айқын бір-бірінен ажырап тұрады. Псевдоподиялары 
қысқа, тек қана эктоплазмадан кұралады.
Е. histolitica
адамның тоқ ішегінде өмір сүреді, амебалық дизен­
терия немесе амебиаза деген ауруын қоздырушы болып табылады. 
Е. histolitica
ішектегі бактериялармен қорек ете алады, сол бағытта 
олар адамға зиян кеЛтірмейді, яғни адам “амебиаза” ауруымен 
ауырмайды, бірақ ішегінде дизентериялық амебасы бар адамдар
29


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
маңындағы адамдарға өте қауіпті, өйткені сыртқа дизентериялық 
амебаның цисталарын көп шығарады. Көп жағдайда 
E.histolitica
адамның тоқ ішегінің қабырғасына еніп, эритроциттермен қоректене 
отырып тез өседі және әр түрлі токсиндер шығарады. Тоқ ішекте 
жаралар пайда болады. Осы жарадан дизентериялық амебалар қан 
жолдарына түсіп қанмен бірге бауырға түседі де, бауырды ісіндіріп, 
іріңдетіп зақымдайды. Амебалар жараланған ішектің ішінде төрт 
ядролы домалақ цисталарға айналады. Осы цисталар ішектен сыртқы 
ортаға шығарылып, қайнатылмаған су, жуылмаған жеміс, қол арқылы 
сау адамның ішегіне түсіп дамиды. “Амебиаза” ауруында іштен қан 
өтеді. Науқас адам күніне 300 млн. цистаны сырта шығарады.
“Амебиаза” дүние жүзінде көп тараған ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет