Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


К л а с с и ф и к а ц и я с ы



Pdf көрінісі
бет167/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   250
К л а с с и ф и к а ц и я с ы .
Азқылтандылар класы екі отрядқа бөлінеді: 
найдоморфа Naidomorpha және люмбрикоморфа - Lumbricomorpha.
Н а й д о м о р ф а о т р я д ы
N a i d o m o r p h a
Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін Aeolosomatidae, 
Naididae, Tubificidae тұқымдасының өкілдері жатады. Enchytraeidae- 
лар топырақта кең тараған.
Тұщы суда мекендейтін түрлері су түбінде жорғалап немесе інге 
кіріп тіршілік етеді. Tubificidae тұқымдасының өкілдері (Tubifex tu- 
bifex) тұнбаның ішіне, 50-100 мм терендігіне бас жағын кіргізіп алып, 
денесінің артқы бөлігін судың бетіне шығарып бір қалыпты теңсел- 
мелі қозғалыс жасайды. Бұлар су түбіндегі тұнбамен қоректеніп, 
ішегінен өткізіп, оның құнарлылығын арттырады. Tubifex-тер өзен- 
дерде, көлдерде кең тараған және жиі кездесетін жануарлар. 1 м2 
жерде мыңнан астам особьтары кездеседі. Балықтардың жемі ретінде 
және суды шіріктерден тазарту жағынан маңызы зор. Enchytraeidae 
тұқымдасының өкілдері де топырақта кең тарап, жиі кездесетін 
құрттар. Топырақты ішегінен өткізіп оның құнарлылығын арттырады.
Л ю м б р и к о м о р ф а о т р я д ы - L u m b r i c o m o r p h a
Бұл отрядқа негізінде топырақта тіршілік ететін Lumbricidae 
тұқымдасының Lumbricus, Eusenia, Allolobophora, Dendrobaena 
туыстары жатады. Тропикалық топырақтарда Megascolecidae тұқым-
258


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
дасының ірі түрі Megascolides australis кездеседі және 
Branchiobdellidae тұқымдасының өкілдері шаянтәрізділердің 
паразиттері болып келеді.
Топырақта тіршілік ететін Lumbricidae жауын құрттарының ауыл 
шаруашылығында алатын маңызы зор. Олар топырақта індерін қазып, 
өсімдік тамырының топыраққа еркін жайылуына ықпалын тигізеді, 
судың, ауаның топыраққа еркін өтуін реттейді. Індерін қаза отырып 
топырақтың астыңғы қабатын жоғары бетіне көтеріп, қопсытып 
араластырады. Алға жылжи жүре топырақты жұтып алып, ішегінен 
өткізіп, сыртқа копролит деп аталатын нәжістерін шығарады. Олар 
топырақты қарашірікке байытады. 1 гектар жердегі құрттар жылына 
10-30 тоннаға дейін топырақты құнарландырады. Сонымен катар, 
індеріне жапырақ, шөп, өсімдіктердің қалдықтарын тасып, олардың 
тез шіріп, гумусқа айналуына эсер етеді. Жауын құрттары топырақ- 
тағы процестерге күшті эсер етеді. Жауын құрттары басқа жануар- 
ларға да жем.
Жауын құрттарының топырақ үшін маңызын, биологиясын, 
тіршілігін алғашқы рет Ч. Дарвин “Жауын құрттарының әрекеттері- 
мен жердің өсімдік қабатының пайда болуы және олардың тіршілік 
ету әрекеттерін бақылау” (1881) деген еңбегінде көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет