ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
дасының ірі түрі Megascolides australis кездеседі және
Branchiobdellidae тұқымдасының өкілдері шаянтәрізділердің
паразиттері болып келеді.
Топырақта тіршілік ететін Lumbricidae жауын құрттарының ауыл
шаруашылығында алатын маңызы зор. Олар топырақта індерін қазып,
өсімдік тамырының топыраққа еркін жайылуына ықпалын тигізеді,
судың, ауаның топыраққа еркін өтуін реттейді. Індерін қаза отырып
топырақтың астыңғы қабатын жоғары бетіне көтеріп, қопсытып
араластырады. Алға жылжи жүре топырақты жұтып алып, ішегінен
өткізіп, сыртқа копролит деп аталатын нәжістерін шығарады. Олар
топырақты қарашірікке байытады. 1 гектар жердегі құрттар жылына
10-30 тоннаға дейін топырақты құнарландырады. Сонымен катар,
індеріне жапырақ, шөп, өсімдіктердің қалдықтарын тасып, олардың
тез шіріп, гумусқа айналуына эсер етеді. Жауын құрттары топырақ-
тағы процестерге күшті эсер етеді. Жауын құрттары басқа жануар-
ларға да жем.
Жауын құрттарының топырақ үшін маңызын, биологиясын,
тіршілігін алғашқы рет Ч. Дарвин “Жауын құрттарының әрекеттері-
мен жердің өсімдік қабатының пайда болуы және олардың тіршілік
ету әрекеттерін бақылау” (1881) деген еңбегінде көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: