Ақ тұнба түзіледі.
Ag++Cl---=AgCl
Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтермен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды шамдарда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады.
Барий Белсенді, ол сілтілі жер металдар тобына кіреді және минералдарда өте берік байланысты. Негізгі минералдар: барит (BaSO4) және витерит (BaCO3). Барийдің сирек минералдары: цельзиан немесе барийлі дала шпаты (барий алюмосиликаты), гиалофан (барий мен калийдің аралас алюмосиликаты), нитробарит (барий нитраты).
Тұздары оттың жалынын жасыл түске бояйды.
Барийге сапалық реакция Барийді анықтау үшін:
Ba2++жалын=cарғыш жасыл түске боялады
Сульфат ерітіндісі арқылы:
Ва2++SO42+=BaSO4 ақ тұнба
Кальций (лат. Calcium; Ca) — IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls22s22p63s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті
Кальцийге сапалық реакция.Кальцийді анықтау үшін:
Са2++жалын=қызыл түсті
Карбонат ерітіндісі:
Са2++СО32-=CaCO3 ақ тұнба
14. Магний, Мырыш катиондарына сапалық реакция. Реакция тендеулерін жазу.
Магний-Сұйытылған қышқылдарда жеңіл ериді концентрленген күкірт қышқылының (H2SO4) және HF ерітінділерінде пассивтеледі]; сілтілердің суық ерітінділерінде ерімейді. Қыздырғанда сутегімен, галогендермен S, N2, C-пен әрекеттеседі. Магнийді құрамында MgCl2 бар балқымаларды электролиздеу арқылы, күйдірілген магнезит немесе доломитті металлотерм. (ферросилициймен) тотықсыздандыру және MgO-ін көміртерм. тотықсыздандыру арқылы алады.
Достарыңызбен бөлісу: |