24. Ауаның құрамын анықтауға байланысты эксперименттік жұмыстар. 1774 жылы француз ғалымы А.Лавуазье ауаның 4/5 бөлігі азоттан, 1/5 бөлігі (көлемі бойынша) оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеді.
Ауаның сапалық құрамын мынадай тәжірибемен анықтауға болады: ауамен толтырылған шыны қалпақ суға төңкеріледі. Темір қасыққа салынған қызыл фосфорды тұтатып, суға төңкерілген қалпақ астында жақса, су қақ пақтың 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі. Өйткені фосфордың жануына ауа құрамындағы оттек қана жұмсалады, ал қалған газ — азот реак цияға қатыспайды.
XIX ғасырдың соңындағы зерттеулер ауа құрамына оттек пен азоттан басқа 5 түрлі газ: гелий He, неон Ne, аргон Ar, криптон Kr, ксенон Xe кіретінін көрсетті. Бұл газдар химиялық белсенділігінің төмендігінен инертті газдар деп аталады. Жоғарыда айтыл ған жай заттардан басқа ауа құрамында мөлшері өзгеріп тұратын көміртек (IV) оксиді мен су буы бар.
Қазіргі таңда ауаның құрамында басқа да газдар бар екені анықталды:азот, оттек, инеттң газдар, көмірқышқыл газы.Ауаның құрамын аныктау үшін эксперименттік жұмыс жүргізетін болсак,балауыздың жануын карастыруга болады.
Ол үшін тұрғыға құрғақ стақанның аузын төмен қаратып бекітіп, астына жанған балауызды орналастырамыз. Стақанның қабырғалары буланады. Енді жанып тұрған балауызды алдын ала әк суымен шайылған стақанның астына орналастырамыз. Стақанның қабырғаларында лайланған су тамшылары пайда болады.
23.Электр тогымен жұмыс істейтін приборлармен жұмыс істеу ережелері. Электролиз құралы. Қарапайым приборлар құрастыру. Қауіпсіздік техникасының ережелері.
24. Химия пәнінен эксперименттер жүргізу әдістемесі. Сабақта қызықты тәжірибелерді көрсетудің әдістері. Үстел үстіндегі атқылаған вулкан. Қорғасын тон. Сиқырлы таяқша. Сіреңкесіз жағылған от. Суреттегі от. Химияны оқытуда химиялық эксперименттің маңызы ерекше. Ол, оқушылар зертханалық тәжірибелерді орындау кезінде өз бетінше жұмыстың негізін құрайтын әдіс ретінде және сарамандық сабақтарда эксперимент ретінде болады. Сонымен қатар, кейбір жеке әдістерді сипаттайтын әдістемелік амал болуы да мүмкін. Химиялық эксперимент оқудың және тәрбиелеудің мәселелерін шешуге көмектесе отырып, жалпы кез-келген әдістердің құрамды бөлігі болып табылады.
Сабақта қызықты тәжірибелер жүргізуге болады. Мысалы суреттегі от, сіреңкесіз жағылған от немесе сиқырлы таяқша.