Газдарды жинау әдістері. Сутегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Сутегі алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу


Алюминий мен күкірттің ұнтағы, күкірт қышқылы мен мыс нитраты берілсе, осы заттарды пайдалана отырып мыс сульфидін қалай алуға болады?



бет23/28
Дата15.12.2023
өлшемі83,64 Mb.
#138378
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Когисов хим экс

23. Алюминий мен күкірттің ұнтағы, күкірт қышқылы мен мыс нитраты берілсе, осы заттарды пайдалана отырып мыс сульфидін қалай алуға болады?
Al + H2SO4 конц = Al2(SO4)3+H2S↑+ H2O. H2S↑ түссіз газ
Cu(NO3) 2 + H2S = CuS↓+ 2HNO3 CuS-шіріген жұмыртқаның иісі бар қара түсті тұнба
24. ZnO;H2O;НСІ;КOH берілген. Мырш (ІІ) гидроксидін алып , қоспадан бөлу.
ZnO+H2O=Zn(OH)2↓ ақ түсті тұнба түзіледі.
ZnO+2KOH=Zn(OH)2↓+K2O

25.Тұздардың гидролизіне байланысты эксперименттік жұмыстар.
Оқушылар оқулықтан «гидролиз» (грекше-су, lisis- айыру, ыдырату) түсінігінің этимологиясын оқып біледі. Гидролиз-заттардың сумен әрекеттесу реакциясы екенін, гидролиз нәтижесі тұздың қандай негіз бен қандай қышқылдан түзілгеніне тікелей байланысты екенін біледі.
Мына берілген мысалдар арқылы тұздар гидролизін талқылайды: Na2CO3, Zn(NO3)2, NaCl және Al2S3.
1.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизін Na2CO3 сынау барысында анықтайды. Тұз ерітіндісіне фенолфталеин тамызғанда, натрий карбонаты ерітіндісі таңқурай (малина) түске боялады.
Бастапқыда оқушыларға тұздың диссоциациялану теңдеуін жазады:
Na2CO3↔2Na+ + CO32-
Содан соң гидролиз теңдеуін жазады:
2Na+ +CO32- + HOH↔2Na+ +HCO3- + OH-
Бұдан мынадай қорытынды шығады: күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды еріткенде ерітіндіде гидроксид иондары пайда болып, индикатор түсін өзгертеді, яғни реакция ортасы сілтілік болады.
2.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі, мысалы, AlCl3, Fe(SO4)3, Zn(NO3)2.
Алюминий хлоридінің гидролизін қарастырамыз. Оның ерітіндісінде Al3+ және Cl- иондары бар. Al3+ ионы судың гидроксид ионын өзіне қосып алады:
Al3+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+
Al(OH)2+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+
Ерітіндіде Н+ иондары жиналып қалады. Ерітіндіге лакмус тамызса, ерітінді қызарады. Ерітінді ортасы – қышқылдық.
Оқушылар мынадай қорытындыға келеді. Күшті қышқылмен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизінде катиондар (әлсіз негіздің) су молекуласының гидроксид иондарын қосып алады да, артық сутек иондарының есебінен қышқылдық орта көрсетеді.
3.Үшінші тапсырманы оқушылар өздері шешіп қорытынды жасайды, яғни күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздарды еріткенде гидролиз жүре ме, мысалы, NaCl, KCl?
Қорытынды:Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілетін тұздар гидролизденбейді, ерітіндіде
H+ = OH-
иондардың тепе-теңдігі сақталады.
4.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың гидролизін виртуалды лабораториядағы тәжірибені көрсету барысында Al2S3 гидролизінің тәжірибе жүзінде жүру жағдайын көріп біледі. Гидролиздің бұл күрделі түрі жоғары мектептің химия курсында кеңірек қаралады, гидролиздің соңына дейін, яғни қышқыл және негіз түзілгенге дейін жүретінін мұғалім ескертеді.
Аl2 S3ер-сі неге ерітінді түрінде(шығармашылықдеңгей) алынбайды. Ондай тұз ерітіндісі болмайды. Негізінде
Аl2 S3 +6 НОН →2 Al(OH)3↓+3H2S↑
жазуға болады бірақ бұл процесті тәжірибе жүзінде былай көрсетуіміз керек. Алюминий сульфидінің орнына алюминий хлориді мен калий сульфиді ерітінділерін әрекеттестіргенде реакция нәтижесінде күкіртті сутек газ күйінде бөлініп кетеді де , алюминий гидроксиді ақ тұнба түрінде бөлініп ,пробиркада калий хлориді ерітіндісі қалады.
2Al Cl3 +3 K2 S +6H2 O →2 Al(OH)3↓+3H2 S↑ + 6KCl
виртуалды лабораториядан көрген тәжірибені жасап көрсетеміз.
Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑
Тәжірибелер нәтижелерін және гидролиздің түрлерін кестеге толтыр:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет