География ғылымының методологиясы «География ғылымының тарихы мен әдістемесі»



бет4/10
Дата25.12.2022
өлшемі34,77 Kb.
#59520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Геожүйенің элементі – дегеніміз оның ең кіші құрамдас бөлігі не-месе басқаша айтқанда – оның бөліну шегі. Ол геожүйе атомы.

Ал, геожүйенің біртұтастығы – оның ішкі бірлігі, автономия-лығы, қоршаған орта жағдайларынан белгілі бір тәуелділігі.


Кейбір ғалымдар біртутастық дегеніміздің өзі жүйе, яғни бул екі түсінікті бөлек қарауға болмайды деген пікір айтады.


Ал біртұтастық геожүйенің құрылымы арқылы анықталады.Құрылым дегеніміз – жүйенің ұйымдасуының құрылысы және ішкі формасы. Геожүйеге қатысты алғанда құрылым оның ішкі компонен-ттерінің және жекелеген қурылымдық бөліктерінің өзара байланысын көрсетеді.




Геожүйе құрылымы сыртқы әсерлерге тұрақтылығы арқылы сипатталады. Ол инварианттылық қасиетіне байланысты. Бұл түсінікматематика мен физикада да қолданылады. Табиғи геожүйелерде ин-варианттық қасиеттер литогендік негіздің климатпен байланысы арқылы қалыптасады.


Геожүйенің динамикасы дегеніміз – қурылымды қайта қуруға әкеліп соқпайтын барлық өзгерістер (Мысалы: қумды қайраңдарға өсімдік шығуы немесе кесілген орманның қайта қалпына келуі тағы басқа). Динамикадан геожүйенің өмір сүруін айыра білу шарт, оларға тәуліктік, айлық немесе жылдық ырғақтар тән (Мысалы, топырақтың жібуі немесе тоң қатуы тағы басқа).

Жердің қазіргі кеңістіктегі құрылымы – оның дамуының нәтижесі.


Өзін-өзі реттеу геожүйенің ең маңызды қасиеті. Ол оның қалыпты жағдайын сақтауын білдіреді.


Осыған байланысты біз геожүйенің иілгіштігін, яғни сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан өзінің негізгі қасиеттерін сақтауға тырысуын анықтаймыз.


Геожүйелердегі байланыстардың атқаратын рөлі үлкен, өйткені олар геожүйенің біртутастығы мен тұрақтылығын анықтайды. Көптеген байланыстардың ішінен үш топты бөліп қарастыруға болады: өзара әрекеттесу байланысы, генетикалық және даму байланыстары.


Өзара әсер ету немесе әрекеттесу байланысы географиялық объектілер арасында қалыптасады, мысалы: өсімдік — жануар, өсімдік – су, тағы басқалар.


Генетикалық байланыстың географияда өзіндік ерекшелігі бар. Әр түрлі факторлардың әсерінен бурынғы геожүйенің орнын басқа бір геожүйенің басуын айтуға болады. Мысалы, ұсақ көлдерді су өсімдіктері басуына орай бул жер біртіндеп батпаққа айналады, яғни көл геожүйесі батпақ геожүйесімен ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет