Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы


Линзаның оптикалық центрі



бет6/41
Дата07.04.2022
өлшемі1,27 Mb.
#30139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Линзаның оптикалық центрі. Оптикалық осьтің бойында жатқан және сәулелер сынбай өтетін О нүктесі.

Фокаль жазықтық. Фокаль жазықтығы деп линзаның оптикалың бас осіне перпендикуляр және оның бас фокусы арқылы өтетін жазықтықты атайды. Әрбір линзаның екі фокаль жазықтығы болады. Линзаның кез келген оптикалық осіне параллель сәулелер сынғаннан кейін осы остің линзаның фокаль жазықтығымен қиылысатын нүктесінде жиналады. Жинағыш линзаның фокаль жазықтығы шын, ал шашыратқыш линзаныкі — жалған болады.

Побочная оптикалық ось. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін және бас оптикалық осьпен сәйкес келмейтін кез келген түзу.

Фокустық қашықтық (f). Линзаның центрінен, фокусқа дейінгі арақашықтық.

Жұқа линзаның формуласы

,

мұндағы а және линзадан нәрсеге және оның кескініне дейінгі арақашықтық. Шашыратқыш линза үшін және теріс таңбамен алынады. Егер , яғни сәулелер линзаға параллель шоқпен түсетін болса (5а-сурет), онда осы жағдайға сәйкес





келетін қашықтық b = OF = f (фокус қашықтығына тең). Егер , яғни кескін шексіздікке кеткен болса, сәулелер линзадан параллель шығады (5б-сурет), онда а = OF =f. Сонымен, екі жағынанда бірдей ортамен қоршалған линзалардың фокус қашықтықтары бірдей болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет