Топтық сан есімдер Қазіргі қазақ тіліндегі топтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың өз ара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Топтық сан есімдер дара не күрделі есептік сан есімдер мен болжалдық сандарға –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен қосымшасын қосып айту арқылы жасалады.Бұл қосымша грамматикалық сөз түрлендіруші форма ретінде шығыс септігінің жалғауы боп танылғанымен,қазіргі қазақ тілінің нормасында ондай негізгі септік жалғау мағынасынан алшақтап, топтық мәнді сан есімдер қатарына,яғни морфология-синтаксистік тәсіл арқылы сөз жасаушы қосымша қатарына ауысқан.
Оннан,жүзден қосақтап,Аямай-ақ қырады.Көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырық-қырықтан үшке бөлдім(Момышұлы).
Болжалдық сан есімдер Объективті өмірде зат,құбылыс атаулының барлық уақытта саны, мөлшері анық бола бермейді,сөйлеушіге заттардың саны нақтылы болмағанда оның шама, мөлшерін болжалдап қана айту тілде кең орын алады.Осыған байланысты тілде болжалдық сан есімдер қалыптасқан. Негізінен болжалдық сан есімдер тілімізде өте жиі қолданылады,оның жасалу мүмкіндігі де мол.
Қазақ тілінде сол сияқты басқа түркі тілдерінде болжалдық сан есім жасайтын өзіндік аффикс жоқ.Бірақ басқа сөз таптарының қосымшалары болжалдық сан есімде мүлде жоқ,жаңа мән алғаны сөзсіз.
«Қазақ тілі грамматикасында» болжалдық сан есімдердің морфологиялық және синтаксистік тәсіл арқылы жасалатыны көрсетілген(1967).Бұл еңбекте морфологиялық тәсіл арқылы болжалдық сандардың үш түрлі жолмен жасалатындығы көрсетіледі:
1)-ер жұрнағы арқылы жасалады.
Олар бірер күн аялдады.
2)-дай,-дей жұрнағы арқылы.
Іште қырық-елудей кітап,ішегі жоқ бір домбыра жатты.
3)-даған,-деген жұрнақ арқылы жасалады.
Ондаған мың қазақтар ата-мекендерінтастауға мәжбірболды.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер есептік сандардың өзара қосарлануы арқылы пайда болады деп көрсетіледі.
Оқудың біткеніне екі-үш күн болған еді.Аурухана бұл жерденқырық-елу километр.
Болжалдық мағына тілімізде сан есімдер мен астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты, сөздерінің тіркесе қолдануы арқылы да беріледі.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,Денесі биік жота, таудай басы(Сейфуллин).