Хаттама «07» маусым


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет4/5
Дата25.01.2023
өлшемі105,5 Kb.
#62823
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Дәуітбаева К. Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. ҚР жоғары оку орындарының қауымдастығы. Алматы, 2004.1 кітап, 2005 2 кітап

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. "Высшая школа" М., 1986.

  2. Жизнь животных /под ред. Зенкевича Л.А./ Просвещение. М., 1968. Том 1-3.

  3. Хаусман К. Протозоология. Мир. М., 1988.

6. Дәуітбаева К.Ә., Исадыков Н.С., Минсаринова Б.К. "Омыртқасыздар зоологиясы пәнінің лабораториялық жұмыстарына арналған әдістемелік құрал". Қазақ университеті, А., 2000.
7. Олжабекова К.Б., Есжанов Б. Омыртқалылар зоологиясы. 1-бөлім. Алматы, 2007.
8. Олжабекова К.Б., Есжанов Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2-бөлім. Алматы, 2007.
9. Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А. Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі. 1- бөлім (Хордалылар). Алматы, 2005.
10. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 2-бөлім (Амфибиялар, Рептилиялар). Алматы, 2005.
11. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 3-бөлім (Құстар). Алматы, 2006.
12. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөлім (Сүтқоректілер). Алматы, 2007.
13. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Т. 1-2. М., 1979.
14. Матвеев Б.С. Курс зоологии. Т. 2. М., 1966.
15. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы, 1970.
16. Константинов В.М., Наумов С.П., Шаталова С.П. Зоология позвоночных. М., 2000.


3. «Адам анатомиясы» пәні бойынша


Тірек-қимыл аппараты, оның компоненттері туралы түсінік. Қаңқа және оның қызметі. Сүйек мүше ретінде. Сүйек ұлпасы және сүйек заты. Сүйектердің классификациясы. Сүйектердің химиялық құрамы және қасиеті. Сүйектердің байланысу түрлері. Буындардың құрылысы. Буындардың классификациясы. Бас сүйектің ми сауыты және бет бөлімдерінің құрылысы. Өстік қаңқа жәнееркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері.


Бұлшықет ұлпасы. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ерекшеліктері. Қаңқа бұлшықеттері – локомоторлы аппараттың белсенді компоненті. Қаңқа бұлшықеттерінің пішіні. Бұлшықет мүше ретінде. Тұлғаның, бастың, мойынның, қол-аяқтың негізгі бұлшықеттері.
Асқорыту жүйесі: түтікті мүшелер және бездер. Ауыз қуысы мүшелерінің қуысы: еріндер, тіл, қызыл иек, тістер, жұмсақ және қатты таңдай. Жұтқынщақ, құрылысының ерекшеліктері, бөліктері. Өңеш: қабырғасының құрылысы, бөліктері. Қарынның құрылысы, бөліктері, құрылымдық ерекшеліктері.
Жіңішке ішек және оның бөлімдері. Жіңішке ішек қабырғасының құрылысы. Жуан ішек, оның бөлімдері, қабырғасының құрылысының ерекшеліктері, гаустралар, крипталар.
Сілекей бездерінің құрылысы, секреция түрлері, секретінің құрамы. Қарынасты безінің құрылысы, оның бөліктері, беткі беті. Қарынасты безінің асқорыту бөлімінің құрылысы. Бауырдың құрылысы: беткі беті, шеті, бөліктері. Бауырдың классикалық бөліктерінің құрылысы. Қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері, құрылымдық-қызметтік бірлігі.
Тыныс алу жүйесі. Ауа өткізгіш жолдар және меншікті тыныс алу бөлімі. Мұрын қуысының, мұрынжұтқыншақ бөлімінің құрылысы; көмейдің құрылысының ерекшеліктері. Дыбыс шығару аппараты туралы түсінік. Кеңірдектің және негізгі бронхтардың құрылысы. Кеңірдек тармақтары, оның компоненттері. Өкпенің құрылысы; құрылымдық-қызметтік бірлігі.
Зәр шығару жүйесі: зәр түзуші және зәр шығарушы құрылымдар. Бүйректің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Несепағардың, қуықтың, несеп шығару каналдарының құрылысы.
Жыныс жүйесі. Аталық жыныс мүшелері. Аталық жыныс безінің құрылысы. Сперматогенді эпителийдің құрылымы: аталық жыныс клеткаларының түрлері, сперматогенездің кезеңдері. Ен қосалқысы. Шәует шығарушы жолдар. Шәует көпіршіктерінің құрылысы. Қуықасты безі. Аналық жыныс мүшелері. Аналық бездің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Фоллиулалардың құрылысы, түрлері. Оогенездің кезеңдері, аналық жыныс клеткаларының түрлері. Жатыр түтігі және жатыр.
Тамырлар жүйесі, оның компоненттері. Қантамырлар жүйесі. Артериялар және веналар. Олардың организмде таралу заңдылықтары. Микроциркуляторлы арна, оның компоненттері, капиллярлардың түрлері. Жүрек, оның бөліктері, беттері, қабықшалары. Жүректің, камералардың, клапандардың қабырғаларының қабаттары. Жүрек бұлшықетінің ерекшелігі. Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүректің тамырлары. Қанайналым шеңберлері. Лимфа жүйесі: оның компоненттері, веноздық жүйемен байланысы; лимфокапиллярлардың, тамырлардың, коллекторлардың құрылысының ерекшеліктері. Көкірек түтігі және оң жақ лимфа түтігі.
Қан жасаушы және иммуногенез мүшелерінің ерекшеліктері. Орталық және шет мүшелер. Қызыл сүйек майының, тимустың құрылысы. Көкбауырдың макроморфологиясы, ақ және қызыл жұмсағы. Лимфа түйіндерінің құрылысы, оның беті беті, қыртысты және милы заттары, түйіндердің синустары, лимфоидты фолликулалар. Бадамшаларда лимфоидты ұлпаның жинақталуы. Асқорыту, тыныс алу, несеп шығару жүйелерінің құрамындағы шырышты-лимфоидты құрылымдар туралы түсінік.
Эндокринді жүйенің ерекшеліктері. Ішкі секреция бездерінің классификациясы. Орталық және шет мүшелер. Гипоталамо-гипофизарлы жүйе. Гипофиздің, эпифиздің, қалқанша бездің, қалқан маңы безінің құрылысы, бөліктері, құрылымы, қызметі. Бүйрек үсті бездері, қарынасты және жыныс бездерінің эндокринді бөлігі. Параганглилер туралы түсінік.
Жүйке ұлпасы туралы түсінік. Нейрондардың құрылысы. Нейрондардың түрлері. Миелинді және миелинсіз талшықтар туралы түсінік. Сұр және ақ заттары. Жүйке туралы түсінік. Жүйке жүйесінің бөлімдерге жіктелуі. Жұлынның құрылысы. Соматикалық рефлекторлы доғаның құрылысы.
Бас ми. Бас мидың сопақша, артқы және ортаңғы бөлімдерінің негізгі құрылымдары, олардың қызметі. Аралық ми, оның бөліктері және қызметі. Соңғы ми, бөліктері. Әрбір бөлімнің сұр және ақ заттары.
Шет жүйке жүйесі, компоненттері. Жұлыннан таралатын жүйкелер, тармақтары, жүйкелендіру аймақтары. Бас ми жүйкелері, табиғаты, жүйкелендіру аймақтары. Вегетативті жүйке жүйесі. Симпатикалық бөлім. Парасимпатикалық бөлім.
Сезім мүшелері туралы түсінік. Көру мүшесінің құрылысы. Көз алмасы. Қабықшалары және ядросы. Көз жас аппараты. Көз алмасының бұлшықеттері. Есту мүшесі. Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ туралы түсінік. Ұлудың құрылысы. Корти мүшесінің құрылысы. Жартылай қаналшалар мен кіреберістің құрылысы. Тепе-теңдікті сақтау мүшесі. Дәм сезу мүшесі. Иіс сезу мүшесі. Тері сенсорлық жүйе.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Рақышев А. “Адам анатомиясы” Т.1-2, Алматы, “Білім”, 1995, 2004.

  2. Керимбеков Е. Адам анатомиясы. І,ІІ бөлімдері. Алматы, 1992.

  3. Нурушев М. “Адам анатомиясы” Алматы, “Қарасай” 2006.

  4. Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. Алматы, 1984.

  5. Қ.А.Сапаров., Қ.М.Сауғабаева., Б.А.Абдуллаева Адам анатомиясынан тестік тапсырмалар Алматы, «Қазақ университеті», 2005.

  6. Сапин М.Р., Брыксина З.Г. Анатомия человека (биолог студенттер үшін). М.,» Просвещение», 1995

  7. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека (жоғары оқу орындарының студенттері үшін), М., ООО «Издательство Оникс»: ООО «Издательство «Мир и Образование», т. 1-2, 2007.

  8. Сапин, М.Р.. Анатомия человека.- М., 2008

  9. Курепина, М.М.. Анатомия человека.- М., 2007

  10. Самусев, Р.П.. Анатомия и гистология человека.- М., 2008 

  11. Козлов, В.И.. Анатомия человека.- М., 2005 

  12. Синельников, Р.Д.. Атлас анатомии человека.- М., 2007, 2008



4. “Цитология және гистология” пәні бойынша


Клетка теориясының негізгі қағидалары. Клетканы зерттеу әдістері. Жарық және электрондық мироскоппен зерттеу әдістері. Тірі және бекітілген клеткаларды зерттеу әдістері. Клетка компоненттерін зерттеудің иммунохимиялық әдістері туралы жалпы түсінік беру. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристылары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар. Пластидтер – классификациясы, құрылысы, химиялық құрамы. Фотосинтездегі пластидтердің рөлі. Митохондрия мен пластидтердің шығу тегі.


Эпителий ұлпаларының жүйесі. Шекаралық ұлпаларға жалпы морфофункционалдық сипаттама. Эпителий ұлпаларын классификациялаудың жалпы принципі. Эпителий классификациясының морфофункционалдық, филоонтогенетикалық жүйелері.
Тері эпителийі. Тері эпителийінің классификациясы: бірқабатты, көпқабатты, кутикулалы. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне жалпы морфофункционалдық сипаттама. Сүтқоректілер эпидермисінің құрылысы және репаративті және физиологиялық регенерациясы. Омыртқалы жануарлар тері эпителийінің туындылары. Эпидермистегі негізгі клетка популяциясы. Шаш пен жабындағы пигментация механизмдері. Шаштың құрылысы. Тері эпителийінің регенерациясы. Негізгі типтері. Без эпителийі, экзокринді және эндокринді бездер. Олардың онто- және филогенезде пайда болуы, классификациясы, жалпы жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Безді клеткалардың ультрақұрылысы. Секреторлы цикл туралы түсінік. Безді эпителийдің эволюциялық динамикасы және биологиялық маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет