Ххі ғасыр ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Бүгінде интернет ақпаратты, жаңалықтарды, компания және фирма қызметін, сонымен қоса қызықты ойын-сауықтарды және т б. іздеуге мүмкіндік беретін құрал


Интернетте Web-сайтты жоспарлау және орналастыру



бет11/17
Дата17.12.2022
өлшемі2,37 Mb.
#57814
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

2.5 Интернетте Web-сайтты жоспарлау және орналастыру


Сайтты құру кезінде оның нақты неге тағайындалғанын анықтау қажет. Сайттар өзі немесе ұйымы туралы жариялауға, жұмыс нәтижелерін немесе өз жетістіктерін хабарлауға, қызмет қатынастарын жақсартуға, тауар немесе қызметтері жайлы жарнама беруге және т.б. қолданылады. Сайттың тағайындалуынан басқа оның потенциалды қолданушыларын, яғни аудиториясын анықтау керек. Олар әртүрлі жастағы немесе әр мамандықтың адамдары, сонымен қоса қызығушылықтары да әртүрлі адамдар болуы мүмкін. Сондықтан олар сайтқа қай тілде және қай уақытта кіре алады? Қандай браузерларды қолданады?


Келесі кезең – материалдарды таңдау. Сайт тақырыбына байланысты Интернетте барлық материалдарды жариялап қажеті жоқ. Қолданушылар үшін материалдың сапасымен қызықтығын бағалаған жөн. Таңдалған материалды тақырыпшалар бойынша бөліңіз, бұл тақырыпшалар болашақ сайттың бөлімдері болып табылады. Егер материал әрбір тақырып бойынша көп жиналса, маңыздылығын ескере деңгейлер бойынша сұрыптаңыз.
Жоғарғы деңгейде сайттың алғашқы беті орналастырылады. Олар қылық ол данушы сайттың келесі деңгейлеріне өте алады. Ағаш түріндегі құрылым бірнеше бағыныңқы деңгейлерден құралады.
Деңгейлер саны (түбір тереңдігі немесе ағаш биіктігі) мен әрбір деңгейдегі таңдау саны (ағаш қалыңдығы) арасындағы тиімді қатынасты анықтау өте маңызды. Егер ағаш өте жуан болса (8-сурет, а), қолданушының берілген ақпарат бойынша бағдарлануы және таңдаудың бірнеше нұсқаларын жадысына сақтауы қиынға соғады. Ал, егер деңгейлер көп болса (8-сурет, б), қолданушы өзіне қажет ақпаратты ұзақ іздейді. Ол үшін тінтуірмен көпшертпелер жасап, беттердің ашылуын тосу қажет.
Сайт тереңдігіне қатынаудың жолын жеңілдету үшін, жоғарғы деңгейдегі беттерге сілтемелер орналастырылады. Олар төменгі деңгейдегі беттерге өтуді қамтамасыз етеді. Сол сияқты, төменгі деңгейдегі беттерге басты беттерге өтетін сілтемелер орналастыруға болады.
Сайтта жоспарлы түрде жарияланатын материалдарды белгілі бір құрылым бойынша ұйымдастырыңыз. Web-сайттар үшін ағаш түріндег іқұрылым жиі таңдалады (2.2-сурет, а, б).
Ағаш түріндегі құрылым тәжірибе жүзінде қолданылмайды. Оның ішінде көптеген жалғаушы сілтемелер бар. Сондықтан ол өзінің ағаш түріндегі қасиетін жоғалтады. Ағаш түрі негізінде ірі тораптардың күрделі құрылымы ұйымдастырылады.


а
б

Сурет 2.2- Сайт құрылымына: а – жуан ағашты; б – жіңішке ағашты


Кейде торап үшін ағаш түріндегі құрылымды емес, қарапайым тізбектелген құрылымды (сызықтық құрылым) пайдаланады. Әрбір беттен көшу екі бағытта орындалады: алдыңғы бетке, соңғы бетке (2-сурет, а). Ол үшін беттерде Алға және Артқа батырмалары қолданылады. Батырмалар арқылы, мысалы, кітап тарауларын немесе суреттердің жиынын көруді ұйымдастыру өте оңай.


Тәжірибеде сызықтық құрылым сирек қолданылады. Оның бұтақталған және альтернативті өтулері болуы мүмкін (2.3-сурет, б).

а

б
Сурет 2.3. Сайттың сызықтық құрылымы: а – сызықтық торап,
б – бұтақталған және альтернативті өтулері бар сызықтық құрылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет