Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы



бет10/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Оқу бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер көрсетіліп – мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.
Оқу бағдарламасының құрамы:аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқаларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;
- негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми мәселелер тізімі;
- пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
- әдістемелік оқу құралдары мен көрнекілік тізімі;
- ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралды. 1990 жылдан бастап ҚР тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, ізгілендіру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрлымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығу жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтежиелі оқуға жетелейді.
Оқулықтар оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асылады. Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Олар оқушыларға білім берудің негізгі көзі. Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар:
- оқу бағдарламасына сәйкес болуы;
оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болуы;
- оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде түсінікті болып баяндалуы
- ой-әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру
- пәнаралық және пәнішілікке байланысты жетілдіру
- оқу материалдарының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі
- жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу
- біздің елімізде және басқа дамушы елдерде салыстырмалы бағалау әдістерінің көмегімен жалпы білім мазмұнын таңдап алу жайындағы халықаралық тәжірибені ескеру.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Бүгінгі қоғамдық өзгеріс білім беру ісіне де түбірлі жаңалықтар енгізу жас ұрпақты тәрбиелеуге басқаша көзқараспен келуге талап қойып отыр. Алдымен ұлттық мектептер санын көбейту қажеттілігі туып отыр.
Осы негізде республикамызда жаңа типтегі гимназиялар, лицейлер ашыла бастады.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия жаңа атау емес, түрі де жаңа емес, гимназия – революцияға дейін әбден сыннан өткен, байырғы білім беру ошағы. Бүгінгі гимназия ескі үрдістің үздігіне көз жіберіп, оны біздің қоғамның әлеуметтік сұранымына сай жаңа мазмұнмен толықтыру.
Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Колледж – орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағыттарын іске асыратын орта білім беретін оқу орны.
Жалпы білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет