Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы



бет13/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Әдебиеттер тізімі
1. Дидактика средней школы. Глава І. //Под ред. М.А.Данилова, М.Н. Скаткина. Москва: «Просвещение», 1975 г.
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 ж.
3. Педагогика. / Под. ред. Бабанского. Глава 5. Москва, 1985 г.
4. Скаткин М.Н. Современные проблемы дидактики. 1970.
5. Подласый И.П. Педагогика. Книг.2. Москва: «Владос», 1999 г.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: «Дарын», 2004 ж.
7. Педагогика. //Под ред. С.П.Баранова, В.А. Сластенина. Москва: «Прос», 1998 г.
8. Скаткин М.И. Проблемы сов. дидактики. Москва, 1984 г.
Дәріс №7 Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау


Дәріс жоспары:
1. Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау
2. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері
3. Оқу процесін және нәтижесін бағалауға қойылатын психологиялық -педагогикалық талаптар.

Оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы (формасы) сабақ. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру сабағы, біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы, білімді қорыту және жүйелеу сабағы, қайталау және бекіту сабағы, тексеру және сынау сабағы, аралас сабақ болып, оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ, лекция сабақ, сұрақ жауап сабағы, кино сабақ, проблемалық сабақ, практикалық сабақ, ал сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына қарай кіріспе сабақ, қорытынды сабақ болып бөлінеді. Кейбір педагогтар оқушының таным әрекетінің сипатына, мұғалімнің ізденісіне қарай фактілерді алғашқы қабылдау сабағы, түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру сабағы, оқушылардың өзбетінше жұмыс орындау сабағы, мұғалімнің жеке оқушымен және класпен жұмыс жүргізу сабағы деп бөледі. Соңғы кезде жаңашыл мұғалімдер понарамалық сабақ, оқушылардың айтыс сабағы, тапқыштардың жарыс сабағы, конференция сабақ түрлерін мектеп тәжірибесіне кеңінен енгізді. Демек, сабақ құрылымына қарай әртүрлі. Барлық пәндерге, барлық класқа, барлық мұғалімдерге жарамды сабақ құрылымы жоқ. Соңғы кезде дәстүрсіз сабақ өтудің тиімділігі дәлелденіп жүр. Оқушы мұндай сабақта үздіксіз ынталану, қызығу жағдайында болатын сияқты. Бірақ сабақтың қай түрінде болмасын оқушыны сабаққа дайындау, жаңа оқу материалын түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы түсіндіру, оны бекіту үшін түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындату, жаңа материал бойынша оқушылардың түсінігін байқау, үйге берілген тапсырманы сұрау, оқушылардың білімін бағалау, оқу материалын жүйелеп қорыту, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру сияқты міндеттер шешіледі. Мұны сабақтың элементтері дейді. Оқыту кезінде мұғалімнің сабақ элементтерін айқындауы, сабақ мақсатына жетудің себебі болады.


Сабақтың көп түрлі болуы мақсатына, мазмұнына, оқыту әдісіне, оқушылардың дайындығына, сабақта жүргізілетін жеке, топтық, көпшілік жұмыс түрлеріне, сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына, мұғалімнің дайындығына байланысты. Осыған сай сабақтың құрамы да әртүрлі болады. Мысалы, жаңа білімді меңгеру сабағында мұғалім алдымен оқушыларды сабаққа дайындайды. Кейін жаңа оқу материалын қабылдауына, ұғынуына, білім жүйелеуіне, қорытуына айрықша мән беруінен сабақтың көпшілік уақытын алады. Сондықтан сабақта жаңа білімді меңгеру элементтері айқын көрінеді, оны есепке алып жаңа білімді меңгеру сабағы деп атайды. Ал практикалық сабақта білімді еске түсіру, білімді ауызша, жазбаша тексеру, тәжірибелер көрсету, эксперименттік есептер шығару, практикалық жұмыс орындау, іскерлік пен дағдыны меңгеру, ұғымдар мен түсініктерді қорыту, қайталау сияқты сабақ элементтері қолданылғанымен , практикалық жұмыс орындау элементі басым болғандықтан, оны практикалық сабақ деп атайды. Демек, сабақтың түрі мақсатына сай, оның құрамында көбірек орын алған элементіне байланысты. Сөйтіп сабақ күрделі құрылымды, әр мұғалімнің оқыту мен оқуға байланысты оқушының білім, тәрбие алуына, дамуына жағдай жасайтын, оны шешудегі шығармашылық ізденістерінің туындысы. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болса да, оның тиімділігін дәлелдейтін нақты көрсеткіштер белгіленбеген. Тәжірибеде сабақтың тиімділігі оқушылардың білімі, ептілігі мен дағдысы бойынша анықталады. Көп жағдайда мұғалім әрсабақта класс оқушыларының 1/4-нің білім деңгейін анықтап, қалғаны назардан тыс қалады. Бұл оқушының жауапкершілігін төмендетіп, біртіндеп енжар, білімсіз етеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін мұғалім оқушының белсенділігіне, өз ісінің тиімділігіне мән береді. Мұғалімнің сабақта өз ісін жетілдіруіне, тиімділігін арттыруына мына жағдайлар әсер етеді:
Біріншіден, тақырыпқа сай жоспар жасау. Көптеген мұғалімдер сабақ жоспарын жасауды міндетті іс деп қарамайды, ал жасайтындары мектеп директоры, оның орынбасарларының бақылауынан құтылу құралы ретінде пайдаланады. Жоспарсыз іштей ойластырылған сабақ нәтижеге жете бермейді, өйткені мұғалім мен оқушы әрекеті кездейсоқтықтан бір бірімен үйлеспейді, жүйесіздік орын алады, сабақтың мақсаты бұзылады. Міне сондықтан сабақ жоспарын жасау, мұғалімнің міндетті дайындық жұмысы болып саналады.
Екіншіден, оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақ типін, оның құрылымыны, әдістерін, тәсілдерін түрлендіріп отыру. Сабақты үнемі қалыптасқан дәстүрлі формада қткізу, әсіресе жоғарғы кластарда оқушы әрекетіне қозғау сала бермейді. Оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың әрекетін басқару арқылы іздеу, танымдық ойындар, ой талас туғызумен байланысты.
Үшіншіден, сабақта дидактикалық және техникалық құралдарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
Төртіншіден, мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын жасау, яғни оқушының өз ынта жігері мен оқуға құлшынысын арттыру. Ол мұғалімнің сабақта оқушымен үзбей жүргізетін (білім алудың қажеттілігін білдіру, қолынан іс келетініне сендіру, оларды сүйетіндігін, құрметтейтіндігін дәлелдеу және олармен санасатынын көрсету т.б. жұмыстарына яңни оқу себебін ( мотивін) табуына байланысты.
Бесіншіден, сабақты өмірмен байлансытырып отыру. Оқу материалының мазмұнын оқушыны қоршаған өмірдің өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен байланыстырып отыру, білімнің өмірде қажеттілігін түсінуге, оны есте сақтауға, алған білімін тәжірибеде қолдануға жағдай жасайды. Бұл мақсат әсіресе лабораториялық практикалық сабақтарды өту кезінде кеңінен шешіледі.
Алтыншыдан, сабақта танымдық ойындарды пайдалану. Ойын оқушы әрекетінде жетекші орын алады. Сондықтан сабақтың мазмұнына сай дидактикалық ойындарды пайдалану олардың оқуға ықыласын, қызығушылығын арттырудың себепшісі. Бірақ сабақтың барлық уақытын ойынмен ауыстыруға болмайды.
Жетіншіден, сабақта шешімін тапқан озық тәжірибені қолданып отыру. Мұғалімдердің барлығы ісі нәтижелі болу үшін ізденіс жасайды. Бірақ өз ісіне талдау жасап, артықшылығы мен кемшілігін анықтай бермейді. Өзгенің тәжірибесін өз ісіне сәйкестендірмей өолданады. Соңғы кезде жаңашыл педагогтардың тәәжірибесін жаппай қолдану орын алды. Бұл дұрыс. Бірақ сол тәжіриде сабақта оқушылардың оқу еңбегіне қозғау салды ма, болмаса оқушыны тек елең еткізе ме, әлде жалған әрекетке соқтырды ма, мұны мұғалім анықтауы тиіс. Сонда ғана озық тәжірибе өз мақсатына жетеді.
Сегізіншіден, сабақтың нәтижелі өтуі, ондағы көңіл күйге, педагогтік шеберлікке байланысты. Оқушылардың сабақтағы көңіл күйі мұғалімнің олармен қарым қатынасына, үніне, сөйлеу мақамына, келбетіне, ым мен қимылды орынды қолдануына байланысты. Егер мұғалім орынсыз балаға жекіп, орынсыз талап қойса, онда оқыту мақсатына жетпейді, қайта мұғалімге қарсы әрекеттер дамиды.
Тоғызыншыдан, сабақта оқушылар әрекетін үйлестіріп отыру. Яғни оқу әрекетін жеке, қжым болып шешуге үйрету.
Оныншыдан, нәтижелі сабақ өткізу үшін мұғалімнің білімін үздіксіз көтеріп отыруы.
Он біріншіден, өтілген сабақтың тиімділігін анықтап отыру, т.б.
Оқушылар білім мен тәрбиені сабақта ғана емес, олармен жеке жүргізілген жұмыстарда, пәндік үйірмеде, кеште, факультатаифтік сабақтарда, экскурсия мен олимпиада өткізгенде және өз бетінше оқуы, өзін өзі тәрбиелеуі кезінде де алады.
Жеке жұмыстар оқушының білімін тереңдету, білімдегі олқылықтың орныны толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін, білім деіейін ескеріп, алдын ала қандай білім көлемін беретінін, қалай үйрететіндігін белгілейді. Кейін мақсатқа сай оқушымен бірлесіп отырып жеке жұмыстар жүргізеді. Мұнда оқушы өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге тырысады, ал мұғалім оқу жұмысын шешуге кеңес береді, алдағы іске жөн сілтейді. Жеке жұмыс оқытудың міндетті формасы емес, ол оқушының қалауы, болмаса мұғалімнің кейбір оқушыны шақыруы бойынша жүргізіледі.
Мектепте оқушылардың сұрауы мен қызығушылығын ескеріп, пән бойынша үйірме ұйымдастырылады. Ол оқушылардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, оны өмірде қолдану, ептілігі мен дағдысын арттыру және кәсіптік бағдар беру мақсатын көздейді. Үйірме жұмысы жергілікті жердің ерекшелігіне, оқушылардың қалауына сәйкес 10-12 оқушының қатысуымен жүргізіледі. Үйірме отырысы екі аптада 1,30-2 сағат аралығында өтеді. Мұндағы оқу жұмысы лабораториялық практикалық, ауылшаруашылық және өндіріс озаттарымен кездесу, кітаппен жұмыс, есеп шығару, кабинетті жабдықтау, өндіріске экскурсия жасау, егін егу, оны күтіп баптау түрінде өткізіледі.
Пәндік кештер оқушылардың білімін тереңдетуге, оны өмірде қолдануға, әрі сынауға және түрлі кластардағы оқушылардың бір бірімен қарым қатынас жасауына мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиелеудің көпшілік формасы. Кештер жеке пәндер бойынша көрнекті ғалымдардың өміріне, ғылым күніне, ғылыми жаңалықтарға, пәндегі ұғымдар мен түсініктерді қорытындылауға, ғалымдармен, еңбек адамдарымен кездесуге арналып өткізіледі. Кеш алдын ала жосапрланып, ол ілініп қойылады. Кешті оқушылардың өздеріне басқартқан және кешке қатысуға шек қоймаған орынды. Бұл оқушылардың белсенділігін арттыруғв, істі өз бетінше шешуге мүмкіндік береді. Кеш қызықты, әрі оқушылардың көңіл күйі көтеріңкі жағдайда өткені орынды.
Экскурсия оқушыларды заттармен, олардың өзгерістерімен және құбылыстармен табиғи, өндірістік, шаруашылықтық жағдайда таныстырып, білімі мен тәжірибесін арттыруға көмектесетін оқыту формасы. Ол жеке пәндердің (мысалы, табиғат тану, ботаника, зоологитя, химия, физика, география, тарих, әдебиет) оқу бағдарламасы, болмаса кластан, мектептен тыс жұмыс жоспары бойынша табиғатқа, музейлер мен көрмелерге, өндіріске жасалады.Экскурсия оқу пәнінің мазмұнындағы орнына байланысты алдын ала экскурсия, қорытынды экскурсия, ілеспелі экскурсия болып бөлінеді. Экскурсияның нәтижелі болуы оған оқушыларды дайындауға, экскурсия картасын жасап, ол бойынша сақтық ережелерін басшылыққа алып, экскурсияны өткізуге, экскурсия нәтижесін қорытындылап, оны бағалауға байланысты. Тәжірибеде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес экскурсия ұзақтығы әртүрлі болады. Мысалы, бастауыш кластарда 40-45 минут (табиғатқа жасалған экскурсиядан басқасы), негізгі сатыдағы кластарда 1,30-2 сағат, жоғарығы кластарда 2-2,30 сағат. Экскурсия аяқталғаннан кейін әсіресе бастауыш кластың оқушылары жұбын жазбай мектепке келіп, көріп білгендері жайлы әңгімелеседі, оның нәтижесін дәптеріне жазып, мұғалісге тапсырады.
Олимпиада мектеп оқушыларының қызығушылығы мен қабілетін айқындау, дамыту мақсатында кейбір оқу пәндері бойынша арнайы тапсырмаға сәйкес өтілетін жарыс. Бұл оқушылардың өз бейімділігін сынауға, мүмкіндігін бағалауға және кәсібін таңдауға көмектеседі. Олимпиада пәндік, көркемөнерлік, техникалық, спорттық болып бөлінеді. Тәжірибеде химия, физика, математика пәндерінен олимпиада өткізу кеңінен тараған. Оның мектептік, аудандық (қалалық), облыстық, Республикалық туры болады. Әрбір тур ҚР Білім Министрлігі бекіткен нұсқауға сай өткізіледі. 5-9 кластар аралығында болатын олимпиаданы мектеп, аудан, қала, облыс шеңберінде өткізіп, жеңімпаз атанғандар арнаулы орта оқу орындарына өз пәні бойынша түсу жеңілдігіне ие болады. Ал Республикалық турдың жеңімпазы өз пәні бойынша жоғары оқу орнына түсу жеңілдігіне ие болады.
Факультативтік сабақтар оқушылардың қызығушылығы мен еркіне байланысты арнайы пән, тақырып, болмаса сұрақтар бойынша терең, әрі кеңейтіліп білім беру мақсатында ұйымдастырылады. Бұл сабақ міндетті емес. Оның екі түрі бар. Біріншісі, оқу пәнінің қосымша тарауы боып саналады, болмаса кейбір тақырыптарды тереңдетіп оқытуды көздейді. Бірақ ол оқу материалын қайталап оқыту емес, ұғымдар мен түсініктерді жаңа негізде қарау. Мұндай сабақтар оқушылардың біртіндеп қабілетін анықтауға, оны дамытуға мүмкіндік береді. Факультативтік сабақтардың бұл түрі 10-11 кластардағы әдебиет, 9 кластағы биология, география, 9-11 кластардағы физика және химия пәні бойынша ұйымдастырылады. Екіншісі, дайындығы бар, қызығушылығы мен қабілеті белгілі оқушыларға ұсынылатын арнайы факультативтік сабақтар. Оған 10 кластағы «Геология негіздері» «Топография және картография негіздері» т.б. сияқты арнайы факультативтік сабақтар жатады.
Оқушылардың терең, тиянақты білім алуына өзіндік жұмыстар ерекше орын алады. Ол оқушының білейін, таниын, орныдайын деп өз әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқу жұмысының күрделі түрі. Өзіндік жұмыстар сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда және үйде орындалады. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің тапсырманы дұрыс беруіне, оқушының ынта ықыласына, қызығушылығына, оқудың қажеттілігін түсінуіне байланысты. Өзіндік жұмыстардың түрі көп. Ол, негізінен, мұғалімнің оқу материалын түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын сұрау кезінде жаттығу орындату, есеп шығарту, болмаса жазбаша, графикалық, практикалық жұмыстарды орындау және кітаппен жұмыс жүргізу кезінде көрінеді Көптеген мұғалімдердің тәжірибесіне талдау жасағанымызда, оқушылардың өзіндік жұмыс нәтижесі мыналарға байланысты:1 Оқушының жас, дара ерекшелігін есепке алуға, 2) Оқушыны оқу әрекетіндегі жалпы, нақты мақсат пен міндетті анықтап, оған лайықты тәсіл мен әдісті қолдана білуге үйретуге, 3) Оқушының оқу міндетін өз еркімен шешуіне, 4) өз ісінің нәтижесіне сенуіне, оған қызығуына, 5) оқу әрекетінің барысына бақылау жасап, оны бағалауына т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ішінде кітаппен жұмыстың мәнін ескеріп, оған тоқтауды жөн көрдік. «Кітап білім бұлағы» болғандықтан, оқушының онымен жұмыс жасау іскерлігі, дағдысы болуы керек. Кітаптар, оқулықтар, қосымша әдебиеттер, көркем шығармалар болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсысымен жұмыс жасаудың өзііндік ерекшеліктері бар. Оқушы алдымен қажетті кітапты тауып, одан жаңа білім алатынын, болмаса мұғалім түсіндірген білімді бекітетінін анықтайды. Оқулықтарды пайдаланған кезде тапсырмаға сай оқу материалын оқып шығып, ережелер мен анықтамаларға мән береді. Оны жаттығу орындау, есеп шығару, дәлелдеу арқылы есте сақтайды, тіпті кейбірін қажетіне қарай жаттап алады. Қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқулықтан алған ұғым мен түсініктер одан әрі кеңейтіледі. Ол үшін оқу материалының мазмұнына жаппай талдау жасай бермей, негізгі және қосымша материалға зейін қою арқылы оқулықта берілген ұғым мен түсінікті одан әрі нақтылайды, кеңейтеді, ал қосымша оқу материалына көңіл бөлу арқылы теориялық білімнің өмірдегі пайдасын, болмаса қажеттілігін түсінеді. Мұның нәтижесінде оқушыда оқуға деген ынта мен қызығу қалыптасады. Ал көркем шығармаларды оқушы қалауына сәйкес таңдап, толық оқып шығады. Оның мазмұнын сабақта, сабақтан тыс оқу жұмыстарында пайдаланады. Көп жағдайда көркем шығарма материалдары оқушының қалыптасуына, тәрбиеленуіне, біліміне біртіндеп, тура, болмаса жанама әсер етеді. Мұғалім жағдайды ескеріп оқушыны класта, кластан тыс жұмыстарда және үйде өздігінен кітаппен жұмыс жүргізу ісіне үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет